• Назар салыңыз! 28.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 3, 1 бөлімдерiнен таба аласыздар.
  • Назар салыңыз, Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесі уақытша жұмыс істемейтіні үшін кешірім сұраймыз!
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қаржы Министрінің тұрғындармен кездесу кезіндегі баяндамасы

Құрметті кездесуге қатысушылар!!!

Қадірменді қауым!

Бүгін мен және Қаржы министрлігі командасы сіздердің алдарыңызда жүргізген жұмыстар туралы есеп беру үшін келіп отырмыз.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті – халық алдында ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыру туралы міндет қойған.

Бүгінгі кездесу қарсаңында Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес алдында осындай есеп берілген болатын. Ол жәй «үнсіз» байқаушы емес, біздің кәсіби қызметімізге қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын белсенді орган болып табылады.

Біз азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттап жүргізіліп жатқан реформалар саласында қоғам үшін барынша ашықпыз.

Бүгінгі біздің кездесуіміз ашық диалог нысанында өтетініне сенімдімін, ол сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар мен сіздердің ойыңызша Қаржы министрлігінің халықпен қалайша өзара іс-қимыл жасасуға тиістігін талқылауға мүмкіндік береді.

Өз баяндамамда мен Қаржы министрлігінің қызметі туралы, оның ағымдағы міндеттері мен болашақ бағыттары туралы айтып кеткім келеді.

Қаржы жүйесінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процестеріндегі рөлі маңызды екені баршаңызға мәлім. Салық жинаудан бастап шығыстарды қаржыландыруға дейін оның атқаратын міндеттері өте кең.

 Жұмыстардың аясына қазынашылық, банкроттық, кедендік және салықтық әкімшілендіру, қаржы мониторингі, бухгалтерлік есеп пен аудит, мемлекеттік сатып алу мен мүлікті басқару мәселелері және тағы басқалар кіреді.

 Қаржы министрлігі реформаларда да, заңнаманы жетілдіруде де, дағдарысқа қарсы шаралар мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі тапсырмаларда да белсенді қатысып келеді. 

* * *

Көріп отырғандарыңыздай, қызмет көп жоспарлы және күрделі, сондықтан баяндамамды 5 негізгі блокқа топтастыруға рұқсат етіңіздер: 1) Бюджеттік тұрақтылық, 2) Қаржылық тәртіп, 3) Активтерді басқару, 4) Мемлекеттік қызмет көрсету және бесінші – 5) Қаржы нарықтарын дамыту.

Құрметті қатысушылар!

Көрсетілген міндеттердің барлығы Қаржы министрлігінің екі магистралдық бағытына тоғысады:

бірінші – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

екінші – мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру.

Бұл Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарының екі басты мақсаты.  Өткен жылы осы бағыттарды іске асыру бойынша Министрліктің жалпы бағасы 84,45 баллды құрады. Бұл 2014 жылғы 
75,5 баллға қарағанда дерлік 10 баллға жоғары.

Осылайша, 2015 жыл қорытындылары бойынша министрліктің бюджетті игеруі жағынан да, сол сияқты стратегиялық жетістіктерін бағалау тұрғысынан да атқару жақсарды.

Сіздерді қызықтыратын сұрақтарға толығырақ жауап беруге және жұмысты жақсарту бойынша ұтымды ұсыныстарыңыз болса тыңдауға дайынмын.

Құрметті қатысушылар!

Сұрақтарыңыз болса, мен жауап беруге дайынмын.

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар салыңыз! 10.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 2 бөлімнен таба аласыздар.

жарияланды: 10.04.2017, 17:45

Сәуір, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30