• Назар салыңыз! 13.10.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Форум

Жоба

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты   

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қаржы мониторингі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнату мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қаржы мониторингі саласында жұмыс істейтін тұлғалардың белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды. 

Қаржы мониторингі  саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық (іс-қимыл) ережесі 

1. Қаржы мониторингі саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында;

- қаржы мониторингі субъектілерінен Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес хабарламалар қабылдау барысында;

- қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыру және басқа да мәселелер жөнінде Қолдау көрсету қызметі («шұғыл байланыс») телефоны арқылы кеңес беру барысында:

1) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдықтары қағидасын сақтау, бюрократизм мен сөзбұйда көріністеріне жол бермеу;

2) егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) қаржы мониторингі саласында жұмыс істейтін тұлғаның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса,  жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтер көрсетуді ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуға жол бермеу;

3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа алу.

2. Өз өкілеттігі шеңберінде басқарушылық және басқа да шешімдерді даярлау және қабылдау барысында:

- ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы;

- мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына тапсыру туралы;

- терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қосу және одан шығару туралы;

- терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы;

- бюджетті қалыптастырумен және орындаумен, мемлекеттік сатып алулармен, кадрларды таңдаумен және басқамен байланысты шешімдерді қабылау барысында:

1) шешімдерді қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдау;

2) қызметтік өкілеттіктерін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланбау;

3) қаржы мониторингі саласында жұмыс істейтін тұлғаның билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануын, яғни құқықтары мен өкілеттіктері шегінен анық шығатын іс-қимылдарды жасауына жол бермеу; 

4) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

5)  бұрын сыбайлас жемқорлық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдамау;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану қағидаттарын ұстану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  шараларын басымдықты қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға жәрдемдесетін тұлғаларды марапаттау; жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаның қолданылмай қалмауы. 

3. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау барысында:

1) Қазақстан Ресупбликасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау;

2) нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау және талқылау барысында жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің акредиттелген бірлестіктері өкілдерінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету.  

4. Қаржы мониторингі саласында туындайтын басқа өзара қатынастарда:  

- ақшамен және (немесе) қаржы мониторингіне жататын өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру барысында;  

- алынған ақпаратты белгіленген тәртіпте саралауды жүзеге асыру барысында;

- шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)  жәнетерроризмді қаржыландыруғақарсы іс-қимыл жасау саласында өзара іс-қимылды және ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру барысында;   

- қаржы мониторингі қызметі барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау барысында;

- Бірыңғай ақпараттық аналитикалық жүйені дамыту және енгізу барысында;

- заңсызжолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)  жәнетерроризмді қаржыландыруғақарсы іс-қимыл жасаудың ұлттық жүйесінің Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету барысында:

1) өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуға, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса, не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе. 

2) ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншiк нысандарына қарамастан жеке кәсiпкердiң немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiн шектеу, сол сияқты қызмет бабын пайдаланып, жеке кәсiпкер мен коммерциялық ұйымның дербестiгiн шектеу не оның қызметiне өзге де заңсыз араласуға, өзі немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануға жол бермеу;

3) егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса, қызметтік жалғандық жасауға, яғни ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу немесе көрсетілген құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізу немесе көрінеу жалған немесе жасанды құжаттарды беруге жол бермеу;

4) қызмет бойынша әрекетсіздікке жол бермеу, яғни өзі немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өз қызметтік міндеттерін орындамауға жол бермеу;

5) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтау.  5. Өзге тыйым салулар мен шектеулер:

- қаржы мониторингі саласында жұмыс істейтін тұлғаларға:

1) сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз болу қажет;

2) келесілер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажет:

- мемлекеттік міндеттерді орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыру;

- жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмыс істеуіне) жол бермеу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау;

3) мүдделер қақтығысы бар болса, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады. Қаржы мониторингі саласында жұмыс істейтін тұлғалар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау қажет.

                                                                                                                                                                                                                                         

Comments (3)

  1. 921007450650:
    Dec 26, 2016 at 11:48 PM

    тестовая

  2. 911120451195:
    Dec 27, 2016 at 11:14 AM

    Антикоррупционный стандарт


This thread has been closed from taking new comments.

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31