• Назар салыңыз! 13.10.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Газета "Алматы-ақшамы" №99 (5292), 25 августа 2016 года - "Кірістерді заңдастыру - заман талабы"

Кірістеді заңдастыру  - заман талабы

       Елбасы жыл сайын өзінің Жолдаулары арқылы әр кезеңнің басты міндеттерін халық пен Үкімет назарына ұсынып келеді. Әр Жолдау халық пен мемлекеттің басты мүдде ндеттерін түгел қамтитын бұл құжатта олардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзім­ді міндеттері лерін  айқындаудағы уақыт талабын дөп басады. Мемлекеттік биліктің барлық тетіктерін, Жоғарғы сот  немесе Премьер-министрден бастап, шағын ауылдағы билік өкіліне дейінгі деңгейдегі билік верти­калінің, еліміздің дамуына жауапты барлық қоғамдық институт­тардың басты мі жіктеліп баяндалады. Осы­лайша, билік пен халықты ортақ міндеттер төңірегіне топтастыра отырып, Елбасы Жолдаулары қоғамның ішкі ресурстарына жаңа серпін беріп отыр. Жолдаулар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан  бағдарламалар халықтың әлеуметтік тұрмысын сапалық деңгейге көтеріп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз етіп отырғанына да куәміз.

       Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне 1997 жылдан бері берік енген Пре­зидент Жолдауы 2015 жылы республика жұртшылығының алдында 19-рет жария етілді. Бұл құжатта үстіміздегі жылдың дағдарысты келбетіне нақ сипат­тама берілген, бірақ, мұндағы міндеттемелер осы дағдарыстың алдын алуға бағытталған алғашқы қадам емес, осыған дейінгі жылдары болжанған дағдарыстың екпінін бәсеңдету, ауыздықтау үшін  жоспарланып, жүзеге асырылып жатқан бірнеше ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді бағдарла­малардың ағымдағы жылғы нақты міндет­те­мелеріне қоғам мен билік назарын жұмылдырады. 

      Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғына орай жарияланған 2015 жылғы Елбасы Жолдауы  әлемдік деңгейде саяси экономикалық мәселелердің ең бір шие­леніскен шағында, қоғамның прогрессивті даму шарттары мүлдем жаңа құбылыс­тармен толыққан сәтінде жарияланды.    Елбасы осы жаһандық өзгерістер кезеңінде «әліптің артын бағу, аялдай тұру» пози­циясын емес, дағдарыстан шығу жолдарын үш  ұғымға сыйғызады. Олар —  экономи­ка­лық өсу, мемлекет басқарудағы ауқымды реформалар және қоғамның барлық салаларын модернизациялау арқылы даму. 

      Елбасы  соңғы Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттік және даму институт­тарын жаңа заман талаптарына бейімдеуге бағытталған «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» жоспарын қалтқысыз орындауды тапсырды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «100 нақты қадам» жоспары  бойынша есеп беретін, мемлекет­тік заңнаманы жетілдіру мен дағдарысқа қарсы іс-әрекеттер бағытында 8 нақты қадамды жүзеге асыру міндеттелген. Осы және басқа да міндеттері бойынша халық алдында есеп беретін мемлекет құру туралы 5-институционалдық реформа аясында Қазақстан Республикасының қаржы министрі Б.Сұлтанов 2016 жылдың  маусы­мында қаржы, аудит және салық салу сала­сының танымал тұлғалары мен ғалым­дардан құралған Қоғамдық кеңес пен халық алдында Қаржы министрлігінің 2015 жылғы қызметі туралы БАҚ арқылы кеңінен таратылған  есебін берді және кәсіпкер­лердің, салық төлеушілердің қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Елбасы Жол­дауындағы бюджет саясатын оңтайландыру бағыты бойынша бюджеттің кіріс бөлігін кеңейту мақсатында бұрынғыдай салық төлеушілерді жаппай тексеру емес, салық және кеден декларацияларын сараптау-талдау жұмыстары жақсы нәтижелерге әкелгенін қаржы министрі Б.Сұлтанов та өз баяндамасында  атап өтті. Әділ салық салуды қамтамасыз ететін және жемқор­лықпен күрестің жемісті шарасы ретінде әлемдік  қауымдастық мойындаған жалпы­лама кіріс декларациясын тапсыру Қазақ­станда 2017 жылдың 1 қаңтарынан  басталады, сөйтіп Елбасы Жолдауларында 2012 жылдан бастап көтеріліп келе жатқан  жалпылама кіріс декларациясын тапсыру мәселесі өз мәресіне жетеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Салық кодексіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және т.б Заңдарға өзгерістер енгізу арқылы жалпылама кіріс декларациясын тапсыруға қажетті инфра­құрылым толығымен дайын болды. Оны  бірінші  кезеңде — 2017 жылдың 1 қаңта­рынан  бастап мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік сектор қызметкерлері, 2020 жылдан басталатын 2-кезеңде барлық қазақстандықтар тапсыратын болады. Мемлекет тарапынан кіріс пен шығыс баптарының арақатынасы мониторингке алынатын бұл декларацияда жеке тұлғаның ақша, құнды қағаз, жылжымайтын мүлік, жер телімдері, көліктері туралы мына ақпараттар сұралады:

— 160 есе ЕТЖ-дан аспайтын сома көлеміндегі қолма-қол ақшаның болуы туралы;

— шет ел банктеріндегі депозиттер мен несиелер туралы;

— егер қарыздарға негіз болатын шарттар немесе басқа да құжаттар бар болған жағдайда жеке тұлғаның 160 есе ЕТЖ-дан асатын сома көлеміндегі басқа тұлғалар алдындағы қарыздары немесе басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы қарыздары туралы.

      Үстіміздегі жылы Қазақстан Республи­касы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыс­татуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттің стратегиялық функцияларын іске асыруда елеулі табыстарға жетті. Қазақстан Респуб­ликасының қаржы мониторингі жүйесіне халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша 2011 жылдан бері бірнеше бағалау жүргізілді, Еуразиялық топтың 2016 жылғы маусым айында өткен 24- пленарлық отырысында Қазақстан үкіметінің қылмыс­тық жолмен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылына, саяси ерік-жігеріне жоғары баға берілді.  Халықаралық стандарт­тардың негізгі ұсыныстары бойынша 2011 жылы айқын­далған сәйкессіздіктер жойылып, осы көрсет­кіштер бойынша «елеулі сәйкестік» бағасын алды. Бұл өз кезегінде, қазақ­стандық заңнаманы қылмысты қаржы­ландыруға қарсы іс-әрекеттердің әлемдік стандарттарына сәйкестендіру бойынша жүргізілген шаралардың, қаржы мони­торингі субъек­тілерімен тиімді ынтымақ­тастықтың, қаржылық қылмыстар сипатын айқын­дауда құқық қорғау және мемлекеттік органдармен тиімді, жедел ақпарат алмасу мүмкіндігіне қол жеткі­зудің  нәтижесінде мүмкін болып отыр.

      Елбасы соңғы Жолдауында: «Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз», —  деді. Мемлекетіміздегі  үлкен құрылымдардың әрбір құрамдас бөлігі әрдайым өзінің жүріп өткен жолын саралап, болашақ жоспарын өткеннен алған сабақтарымен, мемлекетінің жалпы бағдарымен түзетіп, сәйкестендіріп отырса, елі бақытты, жері гүлденген қасиетті «Мәңгілік Ел» болу қазақстандықтар  үшін қолдан келетін шаруа.

Ә. Сәрсенов,

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің басшысы

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31