• Назар салыңыз! 17.08.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

"Литер" газеті, 31 мамыр 2016 года «Қаржы мониторингі комитеті заңнаманы жетілдіруде

1 мамыр 2016, 18:15

Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес тәртібі Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) ұсынған қырық ұсынымға негізделген.

ФАТФ-тың ұсынымдары тәуекелдің типіне және деңгейіне қарай оның түрлі факторларымен байланысты алдын-ала қабылданатын қадамдар көлемін саралау үшін елдер қолдануға тиісті шаралардың кешенді әрі жүйелі құрылымын белгілейді. ФАТФ стандарттарын орындау Қауіпсіздік кеңесінің № 1617 қарарына сәйкес БҰҰ-ға мүше кез келген мемлекет үшін міндетті болып табылады. Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің құқықтық және институционалдық жүйесінің сәйкестігін бағалаудың бірінші кезеңінен шығу үшін ҚР Қаржы министрлігінің  қаржы мониторингі комитеті ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыс жасауда.

Ол үшін комитет Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» N 191-IV Заңын әзірлеп шығарды. Бұл заң заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қаржы мониторингі субъектілерінің, құзыретті органның және Қазақстан Республикасының нұсқалған саладағы басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында 2011 - 2016 жылдар аралығында бірқатар заңдар және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер қолданысқа енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 343-V ҚРЗ заңы бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің тізбесі кеңейіп, оларға қосымша қаржы мониторингінің  5 жаңа субъектісі жатқызылып  отыр. Оларға лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, ломбардтар, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, төлемдер қабылдау жөніндегі операторлар жатады.

АЖ/ТҚҚК туралы заңмен операциялардың келесі түрлері қарастырылған: шекті сомадан асатын операциялар, күдікті операциялар және терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне сәйкес келуі. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқорға түсетін қаржылық операциялар туралы хабарламалар Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012  жылғы 23 қарашадағы «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»№ 1484 қаулысына қатаң сәйкестікте қабылданады. Бұл ережелер қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Адвокаттар мен заң мәселелері жөніндегі басқа да тәуелсіз мамандардың клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) басқа да мүлікпен байланысты операцияларға қатысатын жағдайлардан басқа кезде           хабарламалар тек электронды тәсілмен қабылданады. 3-баптың 3-тармағы бойынша қызметті жүзеге асыра бастағаны немесе тоқтатқаны туралы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңымен белгіленген тәртіпте құзыретті органға хабарлама жіберуге тиіс субъектілердің тізбесі белгіленгенін есепке алған жөн.

Қаржы мониторингі комитеті қаржы мониторингі субъектілеріне соңғы өзгерістер мен қосымшаларды есеп ала отыра, ұлттық заңнама ережелерін дұрыс қолдануды түсіндіру жағынан жәрдемдесуге әзір. Барлық қажетті ақпаратты комитеттің ресми сайтынан (www.kfm.gov.kz) алуға болады, онда «Қаржы мониторингі субъектілеріне көмек» тарауы құрылған. Бұл тарауда нұсқаулықтар мен ұсынымдар орналастырылады, қаржы мониторингі субъектілерінің сұрақтарына жауаптар өзектендіріледі, қаржы мониторингі субъектілерін қолдау қызметі шынайы уақыт тәртібінде жұмыс істейді.

                                                                                                                                 

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31