• Назар салыңыз! 14.08.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

«Алаш айнасы»

Мүсірәлі Өтебаев: Біз заңсыз табылған ақшаның жұмсалуына тосқауыл қоюды мақсат етеміз //Алаш айнасы 19 мамыр 2010 жыл № 80 (306)

Мүсірәлі Өтебаев, Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық мониторингі комитетінің төрағасы:

 

– «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң аясында биыл наурыз айында қызметіне кіріскен комитет бүгіндері қанша күдікті операцияны тіркеді, оның ішінде сотқа берілгендері бар ма?

– Бұл арада мына бір нәрсені нақтылап айтқым келеді: Қаржылық мониторингі комитеті талдауға алған қаржылық операциялардың объектісін тікелей сотқа бере алмайды. Біздің құзырымызға ондай билік берілмеген. Біз тек қаржылық барлау қызметімен айналысамыз. Ал одан кейінгі процестерге комитет қатыспайды. Яғни, Қаржылық мониторингі комитетімен әріптестікте жұмыс істейтін субъектілер заңда көрсетілген шамадан тыс жұмсалған қаржылық операцияларды тіркеп, оған «күдікті-ау» деп баға беріп, оны біздің мәліметтер базасына жөнелтеді. Біз оған жан-жақты талдау жасаймыз да құқыққорғау органдарына береміз. Осы арада біздің жұмысымыз тәмамдалады.

– Талдау жүргізуде жоғарыда аталған заң шеңберінде іс-әрекет етесіздер ме?

– Иә. Бірақ сонымен қатар қаржылық операцияны талдауда пайдаланатын өз құралдарымыз да бар. Ол заңсыз табысты жылыстатумен күрес жөніндегі FATF халықаралық тобының нұсқауларына негізделеді.  FATF 1989 жылы Парижде әлем экономикасын басқаруға тікелей ат салысып отырған «үлкен жетілік», яғни G7 елдерінің ұсынысы бойынша құрылған. Яғни, аталған топ G7 тапсырмасы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша нұсқаулар дайындап, оны әлем елдерінде осы мақсатта жұмыс істейтін мекемелерге міндеттейді.

Әлем экономикасы бір-бірімен тығыз байланыста болғаннан кейін, қаржылық аударма операциясы бұрынғыдан жедел әрі жылдам жүргізілетіндіктен бұл нұсқауға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Ал әлемдегі біз секілді мекемелер жұмысы барысында соны басшылыққа алады.

– Ал осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығы қандай?

– Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғандықтан, оның бірқатар конвенциясын ратификациялаған. Сол секілді ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ деген аймақтық ұйымдар бар. Міне, солардың бәрімен Қазақстан өзара келісімге отырған. Оның ішінде қылмыстық жолмен тапқан табысты заңдастыру, оны жылыстатуға тосқауыл қою және лаңкестікке қарсы іс-қимыл деген шарттар кездеседі. Демек, мемлекеттік деңгейде келісімге отырып, шарт жасасқан екенбіз, оны орындау – міндетіміз. Сондықтан осы мақсатта Қаржы министрлігі жанынан арнайы біздің комитет құрылды. Оның жұмысы жоғарыда аталған келісімдер мен шарттардағы ережелерден тұрады.

– Ақшаны қылмыстық жолмен табылған деп бағалаудың қандай алғышарттары бар?

– Заңда ол «заңды бұзудың айқындаушы категориясы» деп көрсетіледі. Оған сыбайлас жемқорлық, контрабанда, пара алу, бопсалаудан бастап лаңкестік, қарақшылық секілді жиырмадан аса қылмыстық әрекеттер жатады.

– Осы араға кеңінен тоқтала кетсеңіз. Сіздер сонда заңды бұзған әрекеттерді де тіркейсіздер ме?

– Жоқ. Мысалы, АҚШ-та біздің мекеме секілді функцияны атқарып отырған «FINCEN» деген комитет бар. Қазір олар қарақшылықпен күресуде. Өйткені қазір сауда-саттықта теңіз тасымалы қызметіне жүгінетіндерге қарақшылар орасан зор қауіп төндіріп отыр. Тіпті, соңғы кездері бұл мәселе саяси реңкке ие болуда. Қалай дегенмен де қарақшылар басып алған кеме мен ондағы жүк үшін кепіл ақша талап ететіні белгілі. Олар бопсалау арқылы алынған ақшаны экономикаға салады. Міне, сол кезде әлгі америкалық комитет жұмысқа кірісіп, оның қандай қаржылық операцияға қолданғанын анықтап, жалпы процесті тоқтатып,оған«қарақшылық жолмен келген ақша» деп баға береді. Содан кейін ол істі құқыққорғау органдарына тапсырады. Яғни, кез келген қылмыс жеңіл жолмен көлденең табыс табуға бағытталады. Қылмыскерлер сол тапқан заңсыз қаржысын күндердің күнінде жұмсай бастайды. Мәселен, пәтер, ұшақ сатып алуы мүмкін немесе оны қайтадан сыбайлас жемқорлық жолына пайдаланатын шығар. Тағы болмаса шахидтерді оқытып, оларды даярлауға, лаңкестік іс-қимыл дайындығына жұмсауы мүмкін. Біз осы кезде іске кірісеміз. Яғни, біз заңды бұзған әрекетті емес, заңсыз табылған ақшаның жұмсалуына тосқауыл қоюды міндеттейміз. Осы мақсатта оған талдау жасаймыз. Одан кейін қолымызда барлық құжатты құқыққорғау органдарына береміз. Ал олар Қазақстан Республикасы заңы аясында сол қылмыстық істерге қатысты шешім шығарады. Оған біз араласпаймыз да, қатыспаймыз.

– Демек, сіздерге алдымен «күдікті-ау» деген қаржылық операциялар келіп түседі. Оны талдай келе, ішіндегі нақты күдіктісіне баға бересіздер ғой. Ал оны қандай кезде күдікті деп бағалайсыздар?

– Қаржы мониторингіне келіп түскен мәліметтерді талдауда белгілі бір қаржылық операцияға күдікті деп қарауымыз үшін заңда арнайы критерийлер белгіленген. Біз сол бойынша оларды анықтаймыз. Ондай критерий үшеу: а) экономикалық негізі жоқ қаржылық операциялар, мысалы 50 мың долларды анонимді шотқа белгісіз біреу келіп салады, анкетада ол ақшаның не үшін жұмсалатындығын көрсетпейді, сондықтан ол дереу арада назарға ілінеді; б) аталған заңда көзделген қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау; в) лаңкестікті қаржыландыруға қатысты қаржылық операциялар. Әлемдегі лаңкестер мен лаңкестік ұйымдар туралы БҰҰ да арнайы тізім бар. Бізбен әріптестікте жұмыс істейтін субъектілеріміз сол тізім аясында жұмыс істейді. Яғни, сол тізімде аты аталған лаңкес немесе лаңкестік ұйым атына қатысты қандай да бір қаржылық операция жүргізілетін болса, олар сол жайында бізді дереу арада хабардар етеді.

– Қаржылық мониторингі субъектілері кімдер болып табылады?

– Заңда мұндай субъектілердің он түрі бар деп көрсетілген. Олар – екінші деңгейлі банктер, қор биржасы, сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, нотариус, «Қазпошта» және тағы басқасы...

– Мысалы, осының ішіндегі екінші деңгейлі банктерді алатын болсақ, олар өздерінің тұтынушысы жайлы ақпаратты құпия сақтауға кепілдік береді. Сондықтан осы негізде банктер кейбір күдікті қаржылық операция туралы сіздерді хабардар етпей, оны жасырып қалуы мүмкін бе?

– Жасырып қалуы мүмкін емес. Өйткені заң бойынша барлық субъекті Қаржылық мониторингі комитетіне ақпарат беруге міндетті. Бұл арада мәселе ақпаратты жасырып қалуында емес, құпиялық жағында болуы керек. Яғни, екінші деңгейлі банктер өзіндегі барлық мәліметті құпия сақтайды, әрі оның жария болмауына кепілдік береді. Ал осы ақпараттар банктен тыс жерлерге берілгеннен кейін, олар бұл жауапкершілігінен арылады. Заңда солай көрсетілген. Яғни, банк өзінің бір тұтынушысы жайлы мәлімет бергеннен кейін, оның құпиялылығы бойынша міндетті де қоса бізге жүктейді. Ендігі кезекте сол мәліметтердің құпия сақталуына біздің комитет кепілдік беретін болады.

– Алдында сіз талдау жасаған материалдарды құқыққорғау органдарына береміз дедіңіз. Осы арада мәлімет құпиялылығына селкеу түспейді ме?

– Жоқ. Біз қолымыздағы барлық мәліметтерді оларға жария етіп бере салмаймыз. Тек сол қылмысты ашуға нұсқау болатын фактілерді, онда да цифрларды береміз. Әрі субъектілердің бізге берген мәліметтері құқыққорғау органдарының қылмыстық істі ашу процесінде айғақ ретінде қолданылмайды. Бүкіл әлем тәжірибесінде ол солай. Яғни, қаржылық барлаумен айналысатындардың мәліметі өте құпия сақталады.

– Сонда сіздерге күніне шамамен қанша мәлімет келіп түседі?

– Күніне 1000-2000 аралығында...

– Олардың қаншасы күдікті деп танылды?

– Ол туралы айта алмаймын.

– Мысалы, мен пәтер сатып алдым,  ол туралы сіздердің мәліметтер базасына келіп түседі ғой...

– Иә...

– Өйткені ол заңда көрсетілген сомадан көп, әрі заңсыз ақша осы нарықта жұмсалу деңгейі жоғары. Сонда оны ары қарай не деп талдайсыздар?

– Жоғарыда жаңа атап өттім ғой, бізге күніне белгіленген деңгейге тең немесе одан асатын сомадағы 1000-2000 мәлімет келіп түседі. Міне, соның ішінде сіздің аты-жөніңіз бірнеше рет қайталанса, үлкен сомалар жұмсап жатсаңыз, дереу арада назарға ілігесіз, барлық қаржылық операция туралы мәліметіңіз синтезден өткізіледі. Егер ол қаржыңыз заңды екені анықталса, ешкім сізді мазаламайды. Ал заңсыз болып жатқан күннің өзіңде де біздің комитет аталған адамға ешқандай шара қолданбайды, ондай құзыр бізде жоқ, тек ол жайында құқыққорғау органдарын хабардар етуіміз мүмкін.

– Ал неге ақша айырбасы қаржылық мониторингі объектісіне жатады?

– Бұл әлемдік тәжірибе бар нәрсе. Заңсыз ақшаның анықтаудың схемасы да жасалып қойған. Сол схемада ақша айырбасы қызметінің рөлі зор. Мысалы, бәс тігуден немесе автоматтан түсетін ақшалар – ұсақ купюралар. Сол секілді есірткі саудасына да ұсақ ақшалар пайдаланылады. Міне, сол заңсыз ақшаларды шекарадан алып өту үшін оны ірілету көзделеді. Әрине, олар ақша айырбасы кассасына келеді. Мұндағы 10 мың доллардан аса ақша айырбасын жасаған операциялар автоматты түрде біздің мәліметтер базасына келіп түседі.

– Жоғарыда АҚШ негізінен қарақшылық мәселесіне жіті назар аударуда дедіңіз. Ал біз үшін дәл қазір қылмыстық жолмен табылған ақшаларды ауыздықтауда қай жайт өзекті болып табылады?

– Біз Кеден одағына мүше мемлекетпіз. Енді біздің арамыздағы сауда-саттық және басқа қарым-қатынас кедендік кедергісіз жүзеге асырылатын болады. Сондықтан Қазақстан, Ресей және Беларусь заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ішкі заңдарын бір-біріне сәйкестендіріп, халықаралық келісім жасауды көздейді.

Көлеңкелі экономиканың, сыбайлас жемқорлықтың, пара алудың негізі – қолма-қол ақша. Сондықтан қолма қол ақша тасымалы мәселесіне Кеден одағына мүше үш мемлекет өзара шешіп алуды да көздеп отыр. FATF халықаралық топтың нұсқауында мұндай ақша тасымалына шектеу 15 мың доллар деп көрсетілген. Ал Қазақстан 10 мың доллардан асқан қолма қол ақша тасымалына декларация толтыруды талап етеді.

– Сонда ол ақшаны қайдан алғандығы туралы ма?

– Қолында ондай мәліметі болса, жазуы керек. Бастысы, аты-жөнін, төлқұжатының нөмерін, РНН, СИК, ИИН және тағы басқа кодтарын жазса, соның өзі жетіп жатыр.

– Олар сіздердің мәліметтер базасына келіп түседі. Оны сіздер талдаймын дегенше ол адам шекара асып кете барса ше?..

– Егер ол заңсыз ақша болып табылса, біз дереу арада құқық қорғау органдарына хабарлаймыз. Олар ол адамды шекара асырмай ұстап алуға тырысады. Негізі, нақты мәліметі бар адамның қаржылық жағдайын тексеру көп уақытты алмайды.

– Ал шекара асып кетіп жатса ше?..

– Біз ол жайында сол мемлекеттің құзырлы мекемелерін хабардар етеміз. Қалған іспен солар айналысады.

– Мысалы, бір кәсіпкер 300 мың доллар көлеміндегі қолма қол ақшаны шекарадан алып өтіп бара жатыр. Егер оның қолында сол ақшаның заңды екенін дәлелдейтін құжаттары болса, оған ақшаны алып өте беруіне рұқсат беріледі ғой.

– Әрине.

– Ал карточка бойынша ақша аударымдарына шектеу қойылады ма?

– Жоқ. Карточкаға ақша келіп түскеннен кейін, онда міндетті түрде оның экономикалық негіздері көрсетіледі.

– Бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсап, аста-төкке жол беретін даму институттарының күдікті қадамын сіздер бақылай аласыздар ма?

– Жоқ. Өйткені ол бюджеттің ақшасы. Оны қадағалайтын арнайы органдар бар. Мысалы, Есеп комитеті, Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық бақылау комитеті деген секілді.

– Таяуда мемлекеттік қызметкерлерге қор биржасындағы қаржылық операцияларға қатысуға рұқсат берілді. Заңда белгіленген сомадан тыс қаржы жұмсап жатса, олар комиеттің ақпараттық талдауына іліне ме?

– Бұл заңды қабылдап жатқан кезде оны қолдағандардың бірі мен болатынмын. Егер мемлекеттік қызметкер адал еңбегімен тапқан ақшасын қор биржасындағы операцияларға қатысу арқылы оны көбейткісі келсе, оның несі айып?.. Әрине, заңда көрсетілген сомадан асыра қаржылық операция жасаса, олар мониторингтен өтеді. Бірақ біз ол арада шенеуніктің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң аясында әрекет етіп жатыр ма, соған сай ма, оны анықтамаймыз, оған басымызды да қатырмаймыз. Тек сол ақшаның қандай жолмен келгенін қараймыз, болды.

– Заңда қаржылық операциялардың асырмауы тиіс сомалары белгіленген. Ол жыл өткен сайын өзгеріске ұшырайды ма? Жалпы, оны кімдер белгілейді?

– Негізінен, оны FATF халықаралық тобы белгілейді. Сонымен қатар бұл халықаралық топтан тыс аймақаралық топтар бар. Мәселен, құрылтайшыларының бірі болып табылатын біз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа кіреміз. 2004 жылы құрылған бұл топқа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мүше болып табылады. Біз бұл бағыттағы іске енді ғана дендеп кірісіп жатырмыз.

Өркениетті елдерде біздің саламыз бойынша «өзара бағалау» деген ұғым бар.

Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банкі және халықаралық, аймақаралық топтар бірігіп қолда бар заң мен нұсқауларға, келісім мен шарттардағы ережелерге «өзара бағалау» жасап отырады.  Яғни, арнайы жұмысшы тобын құрып қолданыстағы заң әлемде болып жатқан процестерге сәйкес пе, оған жауап бере ала ма деген сауалдар төңірегінде талқылау жүргізіп, өз ұсыныстарын айтады. Сондай-ақ әлемде қаржылық барлаумен айналысатын беделді «Эгмонт» тобы бар. Бүгіндері оған 116 мемлекет мүше. Міне, соған келесі жылы мүше болсақ па деген жоспарымыз бар. Мұндай топтарға қосылған сайын, ақпараттық базамыз кеңейіп, жұмысымыз да жеңілдей түседі. Әрі заңсыз ақшаны ауыздықтау мүмкіндігі де артады.

– Ал біздің заңнамамыз әлемдік процестерге қаншалықты жауап бере алады?

– Қолданыстағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес ҚР заңнамалық актілерінің бірқатарына өзгертулер мен түзетулер енгізілген.Осының ішіндегі басты заңды Конституциялық кеңес қарап, «ол адам құқығын бұзбайды, қолданысқа жарамды» деп баға берген. Ал екіншісінде енгізілген кейбір ережерлердің оқылуы кезінде түсініксіздеу жерлері болған. Сондықтан оны сәйкестендіру үшін біздің өзімізге қайтарып берді. 6 пункт бойынша қайтадан жұмыс жасап, оны Парламенттің қарауына ұсынған болатынбыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқандар: Кәмшат Сатиева

Салтан Сәкен

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31