• Назар салыңыз! 22.08.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 2 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қаржыны заңдастырудың әлемдік тәжірибесі және Қазақстандағы қаржыны заңдастыру науқандарының ерекшеліктері

Газета «Алматы ақшамы», № 138 (5012) от 06 ноября 2014 года

Қаржыны заңдастырудың әлемдік тәжірибесі және Қазақстандағы қаржыны заңдастыру науқандарының ерекшеліктері

2014 жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы үстіміздегі жылдың 30 маусымында қол қойған «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және ҚР-да тұруға ықтияры бар адамдарға оларды мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның негізінде әлемдік тәжірибеде «капитал амнистиясы» деген атпен жүргізілетін республикалық деңгейдегі науқан басталды.

Грек сөзінен таралатын амнистия құқықтық институтының терең тарихи негізі бар көне институт, тура аудармасында «тұлғаларды толық кешіру және істерін ұмыту» деген мағына береді. Заң шығарушы биліктің құқықтық актісі ретінде алғашқы мемлекеттік құрылымдардан күні бүгінге дейін қолданыстан қалмаған мемлекеттің қоғамдық тиімді мақсаттағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру жолы болып табылады. Капитал амнистиясы немесе экономикалық, қаржылық амнистия шартты және жиынтық атау, рақымшылық жасаудың осы түрі қоғамдық қатынастардың қаржы жүйесінің қарқынды дамуына байланысты өткен ғасыр басында ғана жүзеге асырыла бастады. Нақты қабылданған түсініктемесі болмағандықтан, экономикалық амнистия дамыған және дамушы экономикасы бар елдерде екі түрлі сипаты бар. АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдерінде экономикалық амнистия тек салықтық амнистия ретінде қарастырылады. Негізінен мемлекеттің жекелеген өңірлерінде нақты бір әлеуметтік топқа қатысты салықтық заң жүйесіндегі жекелеген заңдық ақаулардың нәтижесінде пайда болатын салықтық қарыздарды ерікті түрде мойындап, есептелген берешекті толық өтеу іс-шарасы ретінде жүргізіледі. Айта кететін жайт, батыс елдерінде салық амнистиясы кезінде пайда болған салықтық берешектерді толық есептен шығару мүлдем қолданылмайды, берешектер өсімпұлымен және өсім пайыздарымен қоса қайтарылады, бірақ қатаң қылмыстық жауапкершілік немесе үстеме санкциялардан босатылу мүмкіндігі берілген мерзімде батыс салық төлеушілері рақымшылық алу мүмкіндігін белсенді пайдаланады. Оның басты себебі, дамыған елдердің заңнамасында экономикалық қылмысқа қатысты салықтан жалтару сияқты заң бұзушылықта кінәсіздік презумпциясы есепке алынбайды. Батыстың салық төлемдерін инспекциялау қызметтері салық декларациясындағы мәліметке қанағаттанбаған жағдайда, салық төлеуші туралы мәліметті кез келген мекемеден – жұмыс орнынан, банктен, сақтандыру ұйымынан талап етіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі бухгалтерлік қаржы құжаттарын көтере алады. ХХ ғ. 80-ші жылдарының ортасында қаржылық операциялардың автоматты түрдегі «қолма-қол ақшасыз» нысанға өтуі АҚШ, Германия, Англия, Франция, Жапония, Канада елдерінде пластикті несие карталарын жаппай қолдану қаржылық бақылаудың табиғи күшейуіне, көлеңкелі экономика көлемінің күрт азаюына ықпал етті.

Дамушы экономикасы бар елдерде қаржы амнистиясы тәжірибесі батыс елдеріне қарағанда мүлдем басқа сипатта болады. ТМД елдерінде, Қытайда, Үндістанда, Оңтүстік Америка елдерінде азаматтардың күмәнді жолдармен алынған, шетелдің қаржы құралдарына, банктеріне салынған қаражатын елге қайтарып, заңдастыру шараларын қарастырады. Жалпы Батыс Еуропа елдеріне тән құбылыс болмаса да, соңғы 20 жылдың ішіндегі капитал амнистиясының көрнекті тәжірибесі ретінде 2001-2002 жж. Италияда жүргізілген «Decreto legge» шарасын атап өтуге болады. 90-шы жылдардың соңында итальяндық салық төлеушілер жасырын табыстарын Швейцария банктеріне орналастырып, салықтан жалтару жағдайы үрдіске айналды. Әсіресе солтүстік Италиядағы жаппай ашылған Швейцария банктерінің филиалдары мен бөлімшелері банк құпиясын сылтау етіп, итальяндықтардың қаражаттары туралы ақпарат беруден бас тартты. Салық қызметтері үшін мүлдем жабық, құпиялылықты сақтай отырып басқарылатын есепшоттарда итальяндық салық төлеушілердің миллиардтаған қаражаттары Сильвио Берлускони үкіметін бей-жай қалдырмады. Осы үкіметтің «Салық қалқаны» атты сауатты жүргізілген капитал мен мүлік амнистиясының нәтижесінде 2001 жылдың қарашасы мен 2002 жылдың ақпаны аралығында бюджетке 1,4 млрд. евро қайтарылды. Осы сәтті шарадан кейін кәсіпкерлердің табыс салығы азайтылып, үкіметтің халық алдындағы беделі өсе түсті. 60 күнге созылған бұл науқан шын мәнінде капитал мен мүлік амнистиясы болды, салықтан жасырылған табыс қана емес, сондай-ақ қаржы құралдары мен капитал, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер заңдастырылды.

2000-шы жылдардың басында Қазақстанда жүргізілген капитал мен мүлік амнистиясы көптеген елдерде экономика саласындағы оқулықтарға енгізілген, тиімді жүргізілген амнистия үлгісі ретінде талқыланды. Осы екі науқанның табыстылығын қамтамасыз еткен факторлар: заңдастыру туралы арнайы заңның қабылдануы, заңдастыратын тұлғаларға қатысты құпиялылықтың сақталуына Елбасының кепіл болуы, заңдастырылатын мүлік пен қаржыны есепке алудың нақты құралдары мен тәсілдерінің халыққа түсінікті болуы, үкіметтің шараны үйлесімді және сауатты жүргізуі болды.

Биыл жарияланған капитал амнистиясының 3-ші кезеңінің негізгі талаптары алғашқы екі кезеңге ұқсас, тек заңдастырылған ақшаны 5 жыл мерзім ішінде екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарда ұстау, мемлекеттік құнды қағаздарға, Қазақстанның даму институттары мен банктерінің облигацияларына, «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша акцияларға, жекешелендірудің 2-ші толқынында сатылатын объектілерге инвестициялау талабы жаңа нормалар болып табылады.

Осы науқанның алдыңғы 2 шарадан ерекешілігі оның қажеттілігін айқындайтын факторларда екені даусыз. Бұрынғы шаралар тек ел экономикасын дамытуға қажетті инвестицияларға зәрулік пен ішкі экономикалық жағдай қажеттілігінен туындаған еді. Осы жолғы науқанның дәл осы мерзімде жариялануына негізінен сыртқы экономикалық жағдайлар ықпал етті деуге болады.

Дамыған экономикасы бар елдердің билігі оффшор аймақтардың ішкі тәртібіне белсенді түрде тосқауыл қоюды қолға алды. Швейцария мен Сингапур секілді қаржы орталықтарындағы банк құпиясының тәртібін бұзды. Бұл дегеніміз, таяу болашақта, 2-3 жылдан кейін дамыған елдерде орналастырылған, бірақ иелерінің салық резиденттігі сәйкес юрисдикцияда заңдастырылмаған мүлікті пайдалану мен жарату қиындайды, оны иеленушілердің құқықтары айтарлықтай шектеледі. 2014 жылдан бастап АҚШ-тың салық органдарының бастамашылығымен салық төлеушілердің ашылған шоттары, табысы, меншігі туралы ақпарат біртіндеп жаһандық ақпарат алмасу жүйесі арқылы өзара келісімшарты бар елдер арасында еркін таратылатын болады. G20 тобына кіретін елдер арасында салық қызметтерінің автоматты түрдегі ақпарат алмасу мен салықсыз аймаққа активтерді аудару операцияларына қатаң бақылау орнату бағдарламасы 2015 жылдан бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Сонымен, әлемдік экономика шығу көзі беймәлім мүлік пен қаражатты қолдану аясын тарылтып, күмәнді қаражатты пайдалануға шектеу қоюды осы заман үрдісіне айналдырды. Осы жағдайда Елбасының бастамасымен қолға алынған кезекті науқан күмәнді мүлік пен жасырын табыстарды заңды жолға қоюдың ерікті мүмкіндігі дер кезінде жарияланып, әлеуетті заңдастырушылардың жеке басы үшін де, өз мемлекеті үшін де тиімді болатын шешімін күтуде.

Ә. Сәрсенов, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31