• Назар салыңыз! 20.10.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1, 2 бөлімдерiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Журнал "Қаржы/Финансы" № 8, 2014 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасының сұхбаты

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы
Бисенғали Тәжіяқов

 

1. Бисенғали Шамғалиұлы, осы жылдың маусым айында ЕАТ-ң Пленарлық отырысы өтті, Қазақстандық делегация қандай жаңалықтармен оралды?

- Тек жақсы жаңалықтармен оралдық. 2014 жылдың  маусым айының 16-20 уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі комитеті, Ұлттық банк, Бас прокуратура, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агентігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері  Мәскеу қаласында  кезекті ЕАТ-ң 20- Пленарлық отырысына және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты.

Қазақстан үшін ЕАТ Пленарлық отырысының өзекті  мәселесі-2011 жылы ЕАТ-ң өзара бағалау  барысында  айқындалған кемшіліктерді  жою бойынша  Қазақстаның Ілгерілеу туралы есебін талқылау болды.

ЕАТ өзара бағалау есебіндегі белгіленген кемшіліктерді жою  мақсатында  а.ж. 10 маусымында Ел басы қол қойған, Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралы толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды, осы заңмен қатар, АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша  Қазақстанның 34 қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған Заңның қабылдануымен бірнеше кемшіліктер жойылды, алайда өзге де кемшіліктер қалып, алдағы кезде соларды жою бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Қазақстан стандартты мониторингі тәртібін қайта дәлелдеді, бұл үлкен жетістік, дегенмен, Қазақстан алдында  ФАТФ-ң 49 ұсынымдары бойынша АЖ/ТҚҚ жүйесін толық  сәйкестендіру бойынша үлкен мәселе туындап тұр. Пленарлық отырыс Қазақстанның стандартты мониторингі тәртібінен шығу үшін ЖС және СЕ рейтінгілері бар ұсынымдар бойынша егжей- тегжейлі  ілгерілеу туралы  3- есепті 2015 жылдың қараша айында ЕАТ 23- Пленарлық отырысында және уақыт аралық ақпаратты 2014 жылдың қараша айында ұсынуымыз қажет.

Сонымен қатар, Пленарлық отырыс, Қазақстанның кемшіліктерді жою бойынша жасаған жүмысын атап өтіп, алғысын білдірген еді, осындай жетістікке жетуге қөмек көрсеткен және белсенді қатысқан біздің делегация мүшелеріне өзімнің алғысымды білдіремін.

Қазіргі уақытта қабылданған АЖ/ТҚҚ туралы Заңның жүзеге асыру  бойынша 25 нормативті-құқытық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа заңжобасының Концепциясын әзірлеу бойынша жұмыс басталуда.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар 2014 жылдың қазан айына дейін толық орындалу тиіс.

 

2.  Яғни, Қазақстан ФАТФ-ң 2003 жылғы стандарттарына сәйкестігі бойынша есеп ұсынды. Естуімізше, стандарттар жаңартылған еді, осы орайда Қазақстан не жасау керек?

Дұрыс айтасыз, 2012 жылдың ақпан айында стандарттар жаңартылған. ФАТФ-ң стандартарының жаңа редакциясы, осы саладағы органдардың реттейтін мәселелер шеңберін және құзыретін  кенейтіп қана қойған жоқ, АЖ/ТҚҚ жүйесінің халықаралық стандартарының жаңа параметірін енгізді.

Сөйтіп, алдағы уақытта ұлттық заңнаманы және әр-түрлі қызмет салаларын реттеу ерекшеліктерін  ескере отырып ФАТФ стандарттарын әдістемелік өңдеу және теориялық түсіну бойынша қосымша жұмыс жүргізу қажет.

ФАТФ келесі жылдан бастап  өз мемлекеттерін жаңартылған стандарттар бойынша бағалау жүргізу жоспарлауда.

 

3. Сіздің ойынызша, халықаралық АЖ/ТҚҚ жүйесінде Қаржы мониторигі комитеті ұлттық бөлімшесі ретінде қандай орынды иеленеді?

Қазақстанның Қаржы мониторигі комитеті - қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл  жүйесінің  ажырамас бөлігі. Шет ел әріптестерімізбен ынтымақтасу,  ЕАТ мемлекетаралық ұйымның, қаржылық барлау бөлімшелері Эгмонт тобының және ТМД қатысушы -  мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелерінің басшыларының кеңесінің қызметтерінде белсенді қатысуы.

Қазақстаның қаржылық мониторингі жүйесінің  жас екендігіне қарамастан, біздің пікірімізге құлап салады және әріптестерімізбен бірнеше мәселелер  бойынша тәжірбие алмаса отырып,  өз тәжірбиемізбен бөлісіп, осының негізінде жұмысымызды жетілдіреміз.

 

4. Осыған дейін Қазақстан ФАТФ-ң мүшесі болуы мүмкін деген ақпарт болған еді, біз үшін осы топқа қосылу неліктен маңызды?

ФАТФ АЖ/ТҚҚ саласындағы мәселелерді үйлестіруші әмбебап  халықаралық орталық және көпшілік мойындаған осы саладағы мәселелер  толық қамтылған халықаралық стандарттарды әзірлеуші.

Соның ішінде, БҰҰ мүше мемлекеттердің барлығы үшін қабылдауға міндетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1617(2005) қарарында, ФАТФ стандарттарының талаптарын орындауға шақырады.

Қазіргі таңда ФАТФ-қа 34 мемлекет және екі аумақтық ұйым: Европалық комиссия мен Парсы шығанақ  мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі кіреді. 180 ел бақылаушы болып табылады. ФАТФ типтес 8 аумақтық ұйым жұмыс атқаруда. Соның біреуі -Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық тобы,   Қазақстан Республикасы 2004 жылдан бастап осы топтың  мүшесі болып табылады.

2013 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Үкіметі  осы ұйымға мүше болу туралы өз ниетін білдірді.

ФАТФ-ң қызметіне қатысу біз үшін бірнеше мәселелер бойынша маңызды.

Соның ішінде маңыздыларының бірі – ФАТФ соңғы жылдары әлемдік қауымдастық құлақ асатын  ұйымға айналды. Сіз, сөзсіз ФАТФ-ң қара және сұр тізімі туралы естіген боларсыз, АЖ/ТҚҚ жүйелерінің  қатерлі кемшіліктері бар мемлекеттер осы тізімнен табылады.ФАТФ-ң қара тізімінде болу- тек мемлекеттің беделіне нұсқан келтіріп қана қоймайды. Егер мемлекет ұзақ уақыт ішінде  қара тізім ішінде болса, өзге елдерге оларға қатысты қатаң шаралар қолдану ұсынылады. Бұл дегеніміз, барлық банктік операциялар тізімдегі елдермен қатаң бақылауда болады.

Осының салдары ретінде:

  1. Шетелде қандай бір төлем жүзеге асыратын  азаматтардың құқығын тежеу;
  2. Шетел банктерінде есеп шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру;
  3. Ашылған есеп шоттарды тәуекелі жоғары санатына жатқызу;
  4. Сыртқы экономикалық қызметтінің процестерін шектеу;
  5. ФАТФ және ФАТФ типтес аумақтық топтарға мүше –мемлекеттердің қаржылық ұйымдарымен ұлттық банктердің қарым-қатынасының шиеленісуі;
  6. Шетел инвесторлары үшін елдің экономикасының  инветициялық тартымдылығының төмендеуі;
  7. Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға әсерін тигізетін сыртқы сауда операцияларынң қөлемінің қысқартылуы.

 

5. Комитет қаржы мониторингі субъектілері мен құқыққорғау органдарымен өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асырылады?

Қазіргі таңда Қаржы мониторигі комитеті қаржылық мониторингіне жататын ақшалай немесе өзге мүлікпен жасалатын операциялар бойынша көлемді ақпараттарға ие.

Бірыңғай ақпаратты талдамалы жүйесінің мәліметтер базасы АЖ/ТҚҚ саласындағы заңнамаға сәйкес  қаржы мониторингі субъектілерінен түсетін күдікті қаржылық операциялар туралы ақпараттардан жинақталған.

Күнделікті мәліметтер базасы мыңдаған ақпараттармен толықтырылады. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 900 мыңнан астам ақпарттар түсті. Жинақталған ақпараттық ресурс егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіншілік береді, және қаржылық операция ақшаны жылыстатумен  немесе терроризмді қаржыландырумен байланысы бар деген күдік туындаса, Комитет  мәлімет пен ақпаратты  құқықорғау органдарына ары қарай  тексеру жүргізу үшін жолдайды.

Қаржы мониторигі комитеті -  ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды үйлестіруші, әкімшілік орган. Бұл  міндет Қазақстанның  құқыққорғау, мемлекеттік және арнайы органдарымен  тығыз  әрекеттестікте шешіледі.

Қазақстан Рсепубликасының арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдарымен өзара әрекеттесудің тиімділігін көтеру мақсатында, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді (экстремизмді) қаржыландырумен байланысты ақпараттармен алмасу және материалдарды тапсыру бойынша біріккен бұйрықтарға  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігімен қол қойылды.

АЖ/ТҚҚ саласындағы Қаржы мониторингі комитеті мен Салық комитетімен, Қазақстанның Қаржыгерлер ассоциациясымен, ҚР Нотариалды палатасымен, Қазақстан Республикасының Аудиторлар Алқасымен, Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасымен, Қазақстан Республикасының Букмекерлер мен тотализаторлар ассоциация ларымен  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

6.  Біздің ақпарат бойынша Сіз ЕАТ–ң Төраға орынбасары болып тағайындалыпсыз. Бұл лауазым нені меңзейді және біздің елімізге қандай міндеттеме жүктейді?

 

ЕАТ–ң Төраға орынбасары болып тағайындалу біздің еліміз үшін және мен үшін құрметті және сонымен қатар оңай  мәселе емес.

Есіңізде болар, ЕАТ 2004 жылы қазан айында алты  елмен құрылды. Қазақстан осы ұйымның  қалыптасуының басында болды. Қазіргі таңда  9 мүше- мемлекеттер, 14 мемлекет пен 18 ұйым – бақылаушы бар, одан әрі өсуге ашық толыққанды халықаралық ұйым.

Қазақстанның қаржылық мониторингі жүйесі ЕАТ алаңында жас жүйелердің бірі. Осыған қарамастан біз барлық күш жігерімізді дамыған елдер жүйесіне жету үшін жұмылудамыз.

ЕАТ мемлекетаралық келісімге сәйкес Қазақстан  ЕАТ төраға орынбасары болып 2013 жылдың қараша айынан 2015 жылдың қараша айына дейін тағайындалды. Содан кейін, Қазақстан  ЕАТ төрағасы орының екіжылдық уақытқа тағайындалады: 2015 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қараша айына дейін.

Әрине, Қазақстан АЖ/ТҚҚ дүниежүзілік желісі шеңберінде ЕАТ мүше-мемлекеттердің беделін бекіту бойынша басталған бағыттын жалғастырады. Ал, ол өз кезегінде АЖ/ТҚҚ ұлттық жүйеміздің жетілдіру бойынша міндеттемелер жүктейді.

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31