• Назар салыңыз! 22.08.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 2 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қаржы секторындағы ұзақ мерзімді тұжырымдамалар: «Қазақстан 2030» стратегиясынан «Қазақстан-2050» стратегиясына дейін

Газета «Алматы ақшамы», № 41 (4915) от 10 апреля 2014 года

Қаржы секторындағы ұзақ мерзімді тұжырымдамалар: «Қазақстан 2030» стратегиясынан «Қазақстан-2050» стратегиясына дейін

Үстіміздегі жылы жарияланған Елбасы жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы 2014 жылдың міндеттері жария етілді. 2014 жылдың 1 маусымына дейін Үкіметке 2020 жылға дейінгі қаржы саласын дамыту бағдарламасын дайындау тапсырылды. 2020 жылға дейінгі қаржы секторының даму бағдарламасы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену мақсатын жүзеге асырудағы 1-ші кезеңнің ең маңызды құжаты. Осы құжаттың шеңберінде мемлекеттік қаржылық қадағалаудың тиімділігін көтеруге және отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі міндеттер қойылады, мұның өзі Бірыңғай экономикалық кеңестікті қалыптастыру жағдайында және Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүшелігі қарсаңында аса өзекті болып отыр. 

Бұл орайда Қазақстандағы қаржы секторын мемлекеттік деңгейдегі концептуалды реттеуге арналған ұзақ мерзімді құжаттар мен олардың нәтижелеріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған «Қазақстан 2030»  стратегиясының негізгі басымдылықтарының бірі – шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығында қаржы саласының негізгі институттары қалыптасып, осы саланың қарқынды дамуының берік негізін жасадық.  2003 жылға қарай, шетел сарапшылары экономикалық реформалардың мақсатты жүргізілуінің, қолайлы инвестициялық климаттың жасалуының, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналғанын атап өтті. 2002 жылдан бастап ұлттық және шетел валютасындағы кредиттік рейтингте Қазақстанның деңгейі «тұрақтыдан» «жағымдыға» көтерілді. Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін көтерілуі қаржы саласының дамуы бойынша ТМД елдері ішінде алдыңға қатарда екендігінің дәлелі болды.

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк дайындаған «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы» 2003 жылғы 28 шілдеде жарияланды. Тұжырымдама 2003-2007 жылдар аралығында экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарын қажетсінуін қанағаттандыратын және қаржы институттарының еркін бәсекелестік жағдайында сапалы қызмет көрсететін тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру мақсатында қабылданды және ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға барынша жақындатуды басым бағыттары ретiнде айқындайды.

2003 жылы қабылданған қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында: ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін тоқсан сайын қайта қарау және белгілеу практикасы ендірілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесі жетілдірілді және шетелге жасалатын инвестициялар мен тікелей инвестицияларды жүзеге асырудың тәртібін біршама оңайлатылды.

Қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалайтын бірыңғай мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі құрылды. Банк қызметі саласында кредиттеудің үң деңгейлі жүйесі құрылды, банктердің филиалдары мен өкілдіктерін ашу рәсімі оңайлатылды, микрокредиттік ұйымдар жүзеге асыратын операциялар қызметтің лицензияланатын түрлерінен алып тасталды. Тұрғын үйді ипотекалық кредиттеуді оңтайландырудың және кеңейтудің арқасында ипотекалық кредиттер халық үшін қолжетімді бола бастады. Кредит бюросы және "Қазақстанның Даму Банкі", "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры", "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы ", "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" және "Маркетингтік – талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамдары секілді даму институттары құрылды. Жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі салымдарын міндетті кепілді сақтандыру және бірқатар міндетті сақтандыру жүйелері ендірілді, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компания және т.с.с. құрылды.

Тұтас алғанда, Қаржы секторын дамытудың 2003 - 2006 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде қойылған міндеттер орындалды.

Қазақстан Ресубликасының қаржы секторын одан әрі дамыту мақсатында 2006 жылғы 25 желтоқсанда «ҚР қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданып, онда қаржы секторын мемлекеттік реттеудің бағыттары мен тәсілдері, қаржы секторын дамытудың басым бағыттары және оларды іске асыру жөніндегі қажетті шаралар белгіленді.

Аладай әлемнің барлық дерлік елдеріне әсерін тигізген ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарысы жалпы әлемдік және ұлттық деңгейлердегі қаржылық қатынастардың жұмыс істеп тұрған үлгілерінің кемшіліктерін ашып берді және толықтай дәрежеде көрсетті. Оның үстіне мемлекеттік реттеу құрылымындағы ғана емес, сондай-ақ қаржы институттарының өздерінің қызметіндегі олқылықтар мен әлсіз жақтары анықталды. Сондықтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚР Үкіметі 2010 жылы «Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын» қабылдады.

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты басқару мен реттеудің сапалы жаңа деңгейіне көшу бөлігінде қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде төмендегілер арқылы дамыту болып табылады:

1) қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;

2) ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық факторларына және құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;

3) дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы ретінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру;

4) инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар тарапынан елдің қаржы секторына сенімді нығайту.

Бұл тұжырымдамда Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың төрт басты бағыттары көрсетілген:

Бірінші бағыт ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі механизмі ретінде мемлекеттік-жеке әріптестік институтын пайдалануды көздейді.

Тұжырымдаманың екінші принципі қадағалау және реттеу жүйесін нығайтуды көздейді.

Үшінші бағыты нақты қаржы активтері нарығында қаржы секторының теңгерімсіздігін ерте анықтаудың және алдын алудың оңтайлы механизмін әзірлеуді, сондай-ақ жүйелік тәуекелдерді азайтуды көздейді.

Төртінші бағыттың шеңберінде қаржылық ұйымдардың қызметін корпоративтік басқарудың сапасын және айқындылығын арттыру жоспарланды.

Дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру кезеңінің негізгі бағыттарының жүзеге асқандығының айқын дәлелі 2013 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің 6,0 %-ға өсуі болды. Қаржы секторының көрсеткіштері жақсарды, экономиканы кредиттеу көлемі 13,4 %-ға өсіп, 11,3 трлн. теңге кредитті құрады. Халықтың депозиттері 12,2 %-ға ұлғайды. «Халықтық IPO» бағдарласамының алғашқы жобалары жүзеге асырылды.

Әлемдік экономикадағы және сыртқы нарықтардағы белгісіздікке қарамастан, 2013 жылы Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен кредиттік рейтингі бойынша болжамын — «Baa2» «жағымдыдан» «тұрақтыға» дейін өзгертті. Болжамдағы оң өзгеріс банк секторының қарыздары тарапынан мемлекеттік баланс үшін тәуекелдің төмендеуінің және бірқатар қазақстандық банктерді қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін республиканың банк секторын қайта капиталдандыру қажеттілігінің азаюының, сондай-ақ дағдарыс басталғаннан кейін банк секторына борыштық жүктеменің төмендеуінің арқасында мүмкін болды.
Бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен елімізде қолайлы инвест климатты қалыптастыру, бизнестің дамуын ынталандыруда мемлекеттің  кешенді шаралары жүйеленген  «Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасының» негізгі жетістіктерінің бірі.

Озық отыздыққа ену мақсатына жетудің нақты бағдарламалық міндеттері жақын арада ҚР Үкіметі  мен Ұлттық банк жария ететін 2020 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту бағдарламасында айқындалмақшы.

Ә. Сәрсенов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Департаметінің басшысы

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31