• Назар салыңыз! 14.08.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Елді жаңғыртудың "100 қадамы" - жарқын болашаққа сенімділік

Қазақстан халқының және әлемге танымал саясаткерлердің, халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болып жатқан Елбасының «100 нақты қадам» жоспары республика тәуелсіздігін алған сәттен бері жарияланған мемлекеттік бағдарламалар мен кезеңдік жоспарлардың шоқтығы биік түйіні, алдағы 30 жылда орындалуы тиіс істерді жүзеге асырудың бас жоспары болып табылады. «100 нақты қадам» ұлттық жоспары – геосаяси шиеленістер мен ғаламдық экономикалық дағдарыстың шартты талаптарына мерзімді, жүйелі және оңтайлы жауап.

Атақты философ ғалым Карл Поппердің «Ашық қоғам және оның жаулары» еңбегінде алғаш талқыланып, қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасқан «ашық қоғам» қазіргі әлемдегі демократиялық дамудың негізгі көрсеткіші болып саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ қоғамын сынға алушы халықаралық ұйымдар желеу еткен негізгі кемшіліктер – ашық қоғамды дамытушы, бақылаушы қоғамдық институттардың жоқтығы немесе әлсіздігі, олардың мемлекетке тәуелділігі, таяу болашақта ашық, транспаренттік қоғам құру мүмкіндігі Қазақстанда шектеулі деген пікірмен түйінделетін.

Алайда, бас-аяғы 20 жыл ішінде қазақ қоғамында күшті мемлекеттік институттармен тең дәрежеде саяси мәселелерді шешуге пәрменді азаматтық қоғам институттары қалыптасты. Бұған тек еліміздегі танымал саяси партиялар ғана емес, кәсіби, салалық одақтарды, әртүрлі азаматтық альянстарды, аймақтық немесе ұлттық белгілер бойынша қалыптасқан нақты қоғамдық ұйымдарды, әлеуметтік топтарды біріктіретін азаматтық мекемелерді жатқызуға болады.

Елбасының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енудің 100 қадамдық нақты іс-қимыл жоспарының 5 бөлігі мемлекеттің транспаренттілігін дамытуға, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған 10 қадамнан тұрады. 91-94-ші қадамдар мемлекеттік басқару ісін ұйымдастырудың жаңа талаптарын айқындайды, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау олардың мақсатты индикаторларға қол жеткізу дәрежесімен белгіленеді және бұл жолда мемлекеттік органдар дербестікке ие болады. Салалық, аумақтық бағдарламалар, жекелеген стратегиялық жоспарлар біртұтас мемлекеттік бағдарлама аясында қайта пішінделеді. Мемлекеттік аппарат жұмысын бақылаудың заманауи үлгісі қолданысқа енеді, ақпаратқа қолжетімділік заңмен қорғалады.

Көптеген мемлекеттік органдар өздерінің ресми жария құралдары – газеттері, сайттары арқылы 95-96-шы қадам талаптарын іске асыруға кірісіп те кетті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің ресми сайтында қаржы мониторингіне қатысты барлық ресми ақпараттар жарияланып, тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сайтта мемлекеттік қызмет сапасына бақылау орнату әрекеттері қарастырылған.

Алдағы уақытта ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің алдында тұрған міндеттердің бірі – ұлттық жоспарды жүзеге асыруды қолға алу. Оның мақсаты қаржы мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге, талқылауға мүдделі қоғамдық кеңестер қалыптастыру және олардың рөлін арттыруға ықпал ету болып табылады.

 

Ә. Сәрсенов, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаметінің басшысы.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31