• Назар салыңыз! 21.06.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

«Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» 9-мәжіліс

  Қаржы мониторинг комитеті Төрағасының «Қаржыны жылыстатумен күрес бойынша Қазақстанмен қабылданып жатқан шаралар туралы» 7.2 мәселесі бойынша «Қазақстан                                             Республикасы - Еуропалық Одақ» әділ сот пен құқықтық тәртіп комитетінің 9-шы отырысында сөз сөйледі

Қайырлы күн құрметті конференцияға қатысушылар!


Қаржыны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру заңнамалық нормаларды бұзумен жүзеге асырылатын әрекет ретінде қабылданатын феномендер болып табылады. Бұл жүйелі аударымдар мен мәмілелер арқылы заңсыз қорлардың көздері болып, ақша заңды «таза» активтердің көрінісін алғанға дейінгі кез келген заңсыз әрекетпен (есірткі сату, адам саудасы, алаяқтық, сыбайлас жемқорлықтан алынатын табыс ж т.б.) алынған заңсыз немесе «арам» ақшаны құқық бұзушылар өңдейтін жолдарды қарастырады.


Ақпарат айналымы, капитал, адамдар, материалдық құндықлықтар мен қызмет көрсетудің прогресі трансұлттық қылмыстарға дәстүрлі концепция мен көсқарасты өзгертуді талап етеді. Трансұлттық қылмыстық іс-әрекет бір жағынан ұйымдастырушылықтың жоғары деңгейімен, ал екінші жағынан – ақпараттық және қаржылық қолдаумен пайдаланады.

Бұл факторлар қарсы іс-қимылдың жаңа жолдары мен амалдарды бірлесіп іздеу үшін түрткі болып табылады.


Қазақстан кез келген көрінісітегі ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың әсерлі жүйесін құру мен жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударған және аударады.

Келесі халықаралық конвенциялар ратифицирленген :

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы БҰҰ-ның Палерм конвенциясы;

- Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция, Нью-Йорк;

Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы сяқты халықаралық конвенциялар ратификацияланды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 Резолюциясы орындауға қабылданды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы Минск Келісімі ратификацияланды.


Терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық табысты заңдастыруға (жылыстату) қары іс-қимыл туралы ТМД қатысушы мемлекеттердің Душенбелік келісіміне қол қойылған, қазіргі кезде ратификациядан өтуде.

Қылмыстық әрекеттерден алынған табысты тәркілеу, алып қою, анықтау мен жылыстату туралы Страсбург конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыс жасалуда.


Қаржыны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күрестегі өте маңызды аспектілердің бірі халықаралық және ұлттық деңгейдегі осы құбылыстардың жолын кесу механизмдерін құру мәселелері болып табылады.


Халықаралық терроризмнің саны мен актілердің ауырлығы террористердің қолы жететін қаржыландыру арналарына байланысты және терроризмге оның қаржылық негізін жоймай әсерлі қарсы іс-әрекеттер жасауға болмайтыны жалпыға мәлім.

Халықаралық терроризм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы сияқты проблемалар әр елдің ұлттық мүддесіне тікелей қатысты.


Бүгін халықаралық террористер, радикалық ағымдар мен топтар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды, діндік фанатизм мен сепаратизмді тиімді қолданады. Олар технологиялық прогрестің жетістіктерін кең пайдаланады: заманауи байланыс құралдары, басылым, қару, жарылыс заттардың жаңа түрлері олардың қол жетімділігі, сондай-ақ заманауи көліктік коммуникациялардың таратылуы.

Бұл факторлар қарсы іс-қимылдың жаңа жолдары мен амалдарын бірлесіп іздеу үшін түрткі болып табылады.


Қазақстан Республикасы ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық базаны құру және жетілдіру бойынша елеулі жұмыс жасады.

Қазақстанның қабылдаған алғашқы маңызды қадамы 2008 жылдың сәуірінде Қаржы министрлігінің құрамында Қаржы мониторинг жөніндегі комитетті құру болды. Оның өкілеттігіне қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауды жүзеге асыру кіреді.


2009 жылдың тамызында Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнама қабылданып, үстіміздегі жылдың наурызында күшіне енді.


Ақшаны жылыстау мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың жалпы жүйесінде Қаржы мониторинг комитеті өзінің негізгі рөлін ақшаны жылыстату мен террористтік топтардың іс-әрекетін қаржыландырудың болжамды көздері және арналарын анықтауда, сондай-ақ, жедел іздестіру қызметіне құқығы бар құқық қорғау органдарына жасалып жатқан күдікті қаржы операциялары туралы ақпаратты ұсыну жолдарымен террористік әрекеттер мен «тазартуды» алдын алуды көздейді.

Осы мақсатта Бірыңғай Ақпараттық Талдамалы жүйесі құрылды, ол іс жүзінде ішкі және халықаралық қаржы тергеулерде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, талдау және алмасу үшін ақпараттық жүйе болып табылады.

Бір уақытта террористік әрекеттерге немесе оны қаржыландыруға қатысы бар деген күдікті жеке және заңды тұлғаларды тексеру бойынша құқық қорғау органдарының жүгінулері бойынша жұмыс жүргізілуде.


Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі болып Террористік және экстремистік әрекетке қатысуы туралы мәліметтері бар жеке тұлғалар мен ұйымдардың тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс табылады.

Бұл қызмет халықаралық терроризмді қаржыландыру арналарын бекіту бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауына бағытталып, қаражатты беру үшін заңды арналарды белгіленген тұлғалар мен ұйымдардың пайдалану жолында тосқауыл болады, сондай-ақ операцияларды жасауда террористермен туыстық және басқа байланыстарды пайдалануды анықтауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы терроризмді қаржыландырумен күрес бойынша әрекеттердің ерекше маңыздылығын мойындай  отырып, оларды қылмыстық мақсатта пайдаланудың болдырмауын қамтамасыз етуде коммерциялық емес ұйымдардың ерекше осалдығын айрықша ескеріп қаржыны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды енгізу бойынша өзінің әрекеттерінің мерзімін ұзартады:

а) заңды мекемелерге бүркемеленген террористік ұйымдармен;

b) активтердің құлыптануын болдырмау мақсатында терроризмді қаржыландыру үшін тасалау ретінде;

c) террористік ұйымдарды қаржыландыруға заңды әрекет үшін арналған қаржының жасырын шығарылуын жасыру немесе бүркемелеу.

Қазақстан ФАТФ-тың арнайы ұсынымдарын негізге ала отырып (Қаржыны жылыстатумен күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлеу тобы), терроризм, террористік актілер мен террористік ұйымдарды қаржыландыруды қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет ретінде таныды.

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкес, Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру фактiлерiнiң алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингiнiң субъектiлерi күдiктi операция туралы ол жасалғанға дейiн уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитеті шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшіліремен бірлесіп қаржылық тексерулер жүргізіп, қаржыны жылыстау мен терроризм және экстремизмді қржыландыру саласында олармен ақпараттық алмасуды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Украинаның ҚББ тиісті Мемарандумға қол қойылды. Жылдың аяғына дейін Қытай, Молдова, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Түркияның ҚББ осындай Мемарандумдарға қол қою болжануда.

2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Терроризм қаупін төмендету және ашықтылықты қамтамасыз ету, мемлекет аймақтарындағы қаржы жүйесінде сенімділік пен қауіпсіздік, сондай-ақ, мемлекет аймақтарын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық жүйесіне қатыстыруға арналған мәселелерде маңызды рол атқаруға бағытталған Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың мүшесі болып табылады.

Ағымдағы жылдың қазанында ЕАТ Қазақстанның қылмыстық кірісті заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылдың ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне баға берілді, оның нәтижелері келесі жылдың жазында өтетін ЕАТ Пленарлақ отырысында қаралады.

Кірісті жылыстату мен терроризмді қаржыландырумен күрес саласында ықпалдасу процесінің маңыздылығын түсіне оытырып, Қаржы мониторинг комитеті «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелерінің тобына кіру арқылы басқа елдердің уәкілеттік органдарымен өзара қарым-қатынасын нығайтуға ниетті.

2010 жылдың ақпанында Комитет осы топқа кіру туралы өтінім берді. Үстіміздегі жылдың маусымында Комитеттің өкілдері Эгмонт тобының отырысына қатысып, осылайша топқа қатысушы елдермен ынтымақтасуға дайын екенін мәлім етті. Ағымдағы жылдың қазанында бұл мәселе жұмыс топтардың отырыстарында талқыналып, оны келесі жылдың жазында өтетін Эгмонт тобының Пленарлық отырысына шығару туралы шешім қабылданды.

Қорытындылай келе Қазақстан халықаралық  қауымдастықтың мүшесі ретінде мемлекеттің экономикалық негізін құлдыратытын қылмыстар, терроризм (экстремизм) оларды қаржыландыруды қосқанда адамзат пен әлемге тигізетін әр түрлі қаіп қатерлерге қарсы іс-қимыл, қауіпсізідікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау бойынша барлық қажетті шаралады қабылдап жатқандығын айта кеткен жөн.

 

Назарларыңызға рахмет!

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Маусым, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1. 19 Jun 2018 15:57 Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша талқылау өткізу
Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30