• Назар салыңыз! 23.06.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесімен интеграциясы мәселелері туралы

Газета «Алматы ақшамы», № 132 (4850) от 2 ноября 2013 года

Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесімен интеграциясы мәселелері туралы

Бүгінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі халықаралық стандарттарға барынша сәйкестендірілді және  заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қоятын қазақстандық заңнама жүйесі халықаралық ФАТФ (FATF- ағылш., Financial Action Task Force on Money Laundering, Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы) ұйымының жоғары бағасын алды. 

ФАТФ ұйымының 2013 жылғы Осло, Париж қалаларында өткен пленарлық отырыстарында Қазақстанның осы ұйымға мүшелігі туралы мәселелер қарастырылды. Бірқатар халықаралық сарапшылардың пікірінше, Ресей төрағалығымен өтетін 2014 жылы Қазақстан мемлекеті де мүшелікке қабылданады деп күтілуде. Заңсыз қаржы айналымы мен терроризмге қарсы күресті мақсат тұтатын бұл ұйымға қазірде әлемнің индустриясы дамыған 34 мемлекеті мүшелік етеді. 25 жылға жуық даму тарихы бар ФАТФ ұйымының  аясындағы үздіксіз жетілдірілу үстіндегі қылмысты кірістермен күрес тәжірибесі осы мемлекеттердің табысты дамуына үлкен  үлесін қосты.

ФАТФ ұйымының басты мақсаты – әр мемлекетте қылмысты жолмен алынған табыстарды заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар жиынтығының тиімді жүйесін қалыптастыру. Бүгінгі күні ФАТФ ұйымының талаптары оған мүше елдерден жүзеге асыруды талап ететін 40 және кейін қабылданған 9 ұсынымнан тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің 2005 жылғы №  1617 Резолюциясына орай ФАТФ ұсынымдары – Біріккен ұлттар ұйымына мүше мемлекеттер орындауға тиісті халықаралық мемлекеттік стандарттарға жатады.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап қаржы жүйесін халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкестендіруге тырысқан Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі бүгінгі таңда осы ұсынымдардың барлық талаптарына сай, немесе мемлекет тарапынын басшылыққа алынып жүзеге асырылу үстінде.  Қаржы саласын дамыту саласындағы мемлекет қадамдары ФАТФ ұйымының тарапынан үнемі қадағаланып отырады, оның 2000 жылдың ақпан айынан бері жүргізілетін мемлекеттердің «қара тізімдеріне» ТМД кеңістігі елдерінен әр кезеңде Украина, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан  мемлекеттері ілініп үлгерді. Дамыған мемлекеттер тарапынан жоғарғы сенімділікке ие болған бұл рейтингте Қазақстанның болмауы – даму деңгейі қатарлас болып есептелінетін ТМД кеңістігіндегі біздің қаржы және банк жүйеміздің артықшылықтарын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады.

Кезекті халықаралық ұйымға мүшелік етудің Қазақстанға қандай тиімділігі бар?

Біріншіден, Қазақстанның әлемнің ең дамыған мемлекеттері арасында мәртебесінің өскендігін көрсетеді. Халықаралық саудада қаржы ағымдары айқындалған сенімді тарап ретінде танылады.

Екіншіден,  шетелдік инвесторлар үшін елдің тартымдылығы арта түседі, себебі ФАТФ ұйымының ұсынымдары инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған.  

Үшіншіден, мемлекет ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістемелерінде халықаралық стандарттарды қолдануға мүмкіндік береді.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу осы ұйымда соңғы жылдары талқылауға түскен ауқымды мәселелердің бірі.

Төртіншіден, терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселесінде халықаралық әдістемелер, тәжірибелер мен күрес құралдарын қолдануға мүмкіндік алады. Әсіресе Орталық Азия аймағында Ауғанстаннан шығатын есірткі саудасына тосқауыл қою бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған күрделі мәселе. Қазақстанның осы саяси-экономикалық жағдайы ушығып тұрған мемлекетпен геосаяси көршілігі Орта Азиялық аймақтағы көшбасшы мемлекет ретінде ауған мәселесінде әлемдік қауымдастықтың қалауын жүзеге асырушы мемлекет болуын талап етеді.

Ә. Сәрсенов, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)