• Назар салыңыз! 23.06.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

«Нұрлы жол» - дамудың ауқымды бағдарламасы

Газета «Алматы ақшамы», № 32 (5066) от 17 марта 2015 года

«Нұрлы жол» - дамудың ауқымды бағдарламасы

Мемлекет бюджетінің ауқымды бөлігі табиғи ресурстарды игеруден түсетін пайдаға тәуелді мемлекеттер үшін күрделене түскен экономикалық, геосаяси дағдарыс үстіміздегі 2014-2015 жылдар таяу болашақта ілгері дамудың бағдарын анықтауда шешуші кезең екендігін анық аңғартты.

Елбасының мемлекеттік жылдық бағдарламаларды жариялау мерзімінен бұрын жарияланған «Нұрлы жол» бағдарламасы 18 жылдық дәстүрлі шарадан ерекшеленіп, уақытпен жарысқан заман тезінен туындап отыр. Қазақстан үкіметі сындарлы шақтың талабын мемлекеттік деңгейде жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісіп те кетті.

Үстіміздегі әлемдік дағдарыс сипаты қара алтын құнының соңғы 25 жылда болмаған деңгейге дейін төмендеуімен ерекшеленеді. Мұнай өндірісімен айналысатын Азия, Еуропа мен Латын Америкасындағы қай мемлекет болмасын осы жағдай күрделі мәселеге айналды. ХХ ғасыр соңында әлемнің мұнай өндіруші мемлекеттерінің көпшілігі мұнай бағасының жоғары болған, одан түскен пайданы бірден игеру экономика үшін тиімсіз болатын шағында  оны мемлекеттік тұрақтандыру қорларына шоғырландыруды жүзеге асырған еді. Осы қорларда жинақталған қаражатты пайдаға жаратудың кезі келді.

Елбасының бастамасымен 2000 жылы құралған Ұлттық қор бастапқыда Норвегиялық Мемлекеттік мұнай қорының үлгісін басшылыққа алған еді. Қазақстанның Ұлттық қорының тәуекелі аз салаларға ғана инвестиция салу дәстүрін кезінде көптеген халықаралық экономистер сынға алса да, жылжымайтын мүлік секілді жылдам пайда әкелетін, бірақ тәуекелі ақталмаған салаларға инвестиция салмағаны бүгінде дұрыс таңдау болғандығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Латын Америкасы, Азия мемлекеттерінің мұнай бағасы шарықтап тұрған кезде жинақталған қаржысының бір бөлігі жылжымайтын мүлікке инвестицияланған, ал соңғы айларда  экономист сарапшылар  дүниежүзіндегі  мүлік нарығында да келеңсіз белгілер пайда болғандығы және мұнай нарығындағы құлдырау мүлік нарығын да құрдымға әкету мүмкіндігі туралы жиі айта бастады. Бұл құбылыс тұрақтандыру қорларына да үлкен қауіп туғызып отыр, Қазақстанның Ұлттық қорының салауатты қаржылық жағдайы дағдарыс уақытында экономиканы қолдап ғана қоймай, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы инфрақұрылымды жаңарту, кіші және орта бизнестің белсенділігін арттыру арқылы экномикалық реформаларды одан әрі де сенімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Мұнай бағасының төмендеуі экспортының 50 % мұнайдан құралатын Норвегия үшін де оңайға соқпады, экономикалық дамуы соңғы 20 жылда «норвегиялық ғажайып» деп аталып келген Норвегияның ЖІӨ-нің биылғы 2015 жылдың соңына қарай бұрын соңды болмаған 1% шамасында болмақ деп жоспарлануда. Норвегия үкіметі де 2014 жылдың соңында әлемдегі ең ірі болып есептелінетін өзінің Мемлекеттік мұнай қорынан 3 % қаражатты биыл қолдануға шешім қабылдады. Бұл қаражат мемлекеттік бюджеттің тапшы бөлігін толтыруға жұмсалады.

Елбасының Ұлттық қорды пайдаға асыру кезі келді деген шешімі оңтайлы сәтте жарияланып, циклды түрде қайталанатын әлемдік дағдарыстың ықпалын тежейтін, болашақ Қазақстанның жарқын келбетін айқындайтын оң қадам болды.

«Нұрлы жол» бағдарламасында дағдарыс кезеңіндегі еліміздің экономикасына қолдау көрсету тетіктері, оған жұмсалатын қаржы көлемі нақты анықталды, оны жүзеге асырушы және бақылаушы институттарға кешенді тапсырмалар жүктелді. Атқарушы биліктің әрбір құрамдас бөлігіне арнайы міндеттердің жоспарлы түрде жүктелуі осы бағдарламаның тиімді жүзеге асуының кепілі болады.

Өзге кезеңдердегі жылдық мемлекеттік стратегиялық жоспарлардан тағы бір ерекшелігі, «Нұрлы жолда» шын мәнінде экономикалық дамуға серпін бере алатын және Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын әлеуметтік топтар мүддесі басты назарға алынған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық қарым-қатынастарды реттеуші және мемлекет билігін жүзеге асырушы тетіктерді, ірі бизнесті қалыптастыру мәселелері негізгі орында болса, осы бағдарлама шағын және орта бизнесті, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарды қолдауға бағытталған.

Ә. Сәрсенов, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің басшысы.

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)