• Назар салыңыз! 22.08.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 2 бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.07.2017 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күлестің қазақстандық тәжірибесіне жоғары баға берілді

Газета «Алматы ақшамы», № 70 (4788) от 6 июня 2013 года

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күлестің қазақстандық тәжірибесіне жоғары баға берілді

Біздің мемлекетіміз алғаш тәуелсіздік алған сәттен  бастап сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі және ол көрініс беретін барлық деңгейлерде жалпыға ортақ бағытпен кешенді түрде жүргізіп келеді.

1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен қүреске  қатысты құқықтық база мен негізгі мемлекеттік құрылымдар қалыптасты. 2005 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына қол қойылып, осы қоғамдық қатерлі құбылыспен күрестің мемлекетттік деңгейдегі алғашқы бағдарламасы да қабылданды. 2005-2011 жылдар аралығындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі сипаты біздің халықаралық тәжірибелерді зерттеп-зерделеумен, бірнеше халықаралық ұйымдарға мүше болып, олардың жұмысына белсене араласумен, біздің жүйемізді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге ұмтылушылығымызбен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының осы ұмтылыстары халықаралық ұйымдар, мемлекетаралық мекемелер тарапынан ескерусіз қалған жоқ.

2010 жылғы 22-26 наурызда Страсбургте (Франция) Еуропа Кеңесі ГРЕКО-ның 46-шы пленарлық сессиясында қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық тәжірибесіне жоғары баға берілді.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық жекелеген бір мемлекет аясында ғана күрес жүргізіліп жатқан келеңсіз құбылыс емес, ғаламдану дәуірінде трансұлттық қылмысқа айналуда.  Жаңа технологиялардың дамуына байланысты сыбайлас жемқорлық жүзеге асырылатын әдістер де өзге­руде, сондықтан осы саладағы заң­наманы, күрес технологияларын жетіліп, өзгеріп отыруы – заман талабы. Халықаралық деңгейде жемқорлықпен күрес тәсілдерін бірегейлендіруді реттеуші құрылымның бірі - 1989 жылы Парижде өткен Үлкен жетілік саммитінің шеші­мімен құрылған Қаржыны жылыстатумен күрестің іс-шараларын әзірлейтін халықаралық қаржы тобы (ФАТФ). ФАТФ-тің аумақтық 9 тобы бар, соның біреуі – заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржы­ландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАТ). Қазақстан 2004 жылы осы топтың мүшесі болды. Осы топ аясында біз Ресей, Беларусь, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес аясында ақ­параттар мен мәліметтер алмаса аламыз.
ФАТФ тобының ұсынымдары қаржылық операцияларды талдауда пай­да­ланылатын халықаралық стандарттар ретінде мойындалады. Осы топтың жетекшілігімен 1990 жылы ФАТФ ақшаны жылыстатуға қарсы бағытталған 40 ұсынымын бекітті. 2001 жылы ол ұстанымдар қатары  терроризмге байланысты тоғыз ұсыныммен толықтырылды. 
2012 жылы ФАТФ ұсынымдарының сы­байлас жемқорлықтың алдын алу бойын­ша 12-ші ұсынымның бұқаралық лауазымдық тұлғаға (БЛТ) байланысты жаңа редакциясы қабылданды. Саяси қызмет­керлер өздерінің лауазымына бай­ланысты сы­байлас жемқорлыққа қолайлы жағ­дайлар туғызуы мүмкін. Сол себептен атал­ған ұсынымдар бойынша саяси қыз­меткердің және оның отбасы мен жақын байла­ныс­тарының қаржы көздерін ай­қындау тәжірибесі жетілдірілді.

ФАТФ тобына мүше мемлекеттер осы ұсынымдарды 2013 жылдан бастап басшылыққа алуы тиіс. 12-ші ұсынымның жаңа редакциясы БЛТ  мен оның отбасы мүшелері үшін көлемді сақтандыру төлемдерін төлеуге қатысты  жаңа тәртіп орнатады. Осы орайда Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірнеше дамыған елдердің жемісті күрес тәжірибесі ретінде ұсынылған,  лауазымды тұлғалардың және оның жақын туысының табыс көздері туралы міндетті мемлекеттік есептілігі бұдан бұрын да енгізіліп, декларация үшін арнаулы нысандарды толтыру талабын бірнеше жыл қатарынан  жүзеге асырылып келеді. Ендігі мақсат, лауазымды тұлғалардың табыс көздерін қоғамдық бақылауға алу мақсатында ашық ақпарат көздерінде жария ету.

Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықты толықтай жою мүмкін емес. Бірақ сыбайлас жемқорлықтың аясын барынша тарылтуды қамтамасыз етуге әбден болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаты оның барлық көріністерін тиімді баса және біртіндеп шектей алатын тұрақты жұмыс істеуші жүйесін құру болуы тиіс. Бұл үшін құқық қорғау құрылымдарының қызметін қайта бағдарлап, сыбайлас жемқорлықтан сақтандыруға айрықша көңіл аудару, ал олардың жұмыс нәтижелерін олардың алдын алу жөніндегі қол жеткізілген көрсеткіштермен өлшеу қажет.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі

комитетінің Алматы қаласы бойынша

Департаментінің басшысы Ә. Сәрсенов

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31