• Назар салыңыз! 23.06.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін 1 бөлімiнен таба аласыздар.
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Әдеп бойынша уәкілетті

Майра Советқазықызы Стамбекова

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 21 л/с бұйрығымен Майра Советқазықызы Стамбековаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің әдеп бойынша уәкілетті болу функциялары жүктелді.

Стамбекова Майра

1961 жылы 28 қарашада Семей облысында туған. 1985 жылы С.М. Киров  атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді: құқықтану мамандығы бойынша, біліктілігі: заңгер.

Еңбек қызметін 1985 жылы Алматы қалалық атқарушылық комитетінің жанындағы Мемлекеттік төрелікте іс жүргізуші болып бастады.

1995 жылғы тамыздан бастап 2010 жылғы қарашаны қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде лауазымдарды атқарды.

2010 жылғы қарашадан бастап 2011 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр жұмысын үйлестіру және бақылау  департаментінің Ведомстволық бақылау басқармасының бастығы.

2011 жылғы қазаннан бастап 2013 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр жұмысын үйлестіру және бақылау департаментінің БАҚ-пен жұмыс істеу басқармасының бастығы, басшысы.

2013 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құжат айналымы  департаменті директорының орынбасары.

Тұрмыста, үш баласы бар.

Наградалар мен көтермелеулері бар:

ҚР Президентінің құрмет грамотасы, 2007 ж.;

«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, 2015 ж.;

ҚР ҚМ Құрмет грамотасы,2001ж., 2006ж.

 

Қызметкерлерді қабылдау күн сайын сағат 17.00-де  913 кабинетте

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қызметі

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: 97-87-10

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)