• Назар салыңыз! 28.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 3, 1 бөлімдерiнен таба аласыздар.
  • Назар салыңыз, Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесі уақытша жұмыс істемейтіні үшін кешірім сұраймыз!
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық қауіпсіздікке трансұлтты ұйымдасқан қылмыс пен терроризм тарапынан төнген қауіптің артуына байланысты жауап ретінде ғаламдық халықаралық қауымдастық заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды ұйымдастырып, осы мақсатта жұмыс істеп тұрған халықаралық ұйымдар мен жаңа мамандандырылған органдар мен құрылымдарды пайдаланады. Мұндай ұйымдар мен мамандандырылған органдар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуде қолданылатын әдістерді үйлестіруде қаржыны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың институционалды негіздегі халықаралық жүйесін құрайды.

 

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық институттардың бірі 1989 жылы Мемлекет және Үкімет басшыларының Үлкен жетілік бастамасымен құрылған Қаржыны жылыстатуға қарсы күрес шараларын әзірлейтін Топ (ФАТФ) болып табылады.

 

Топқа ұлттық немесе халықаралық деңгейде қабылданған және қаржыны жылыстатуға қарсы күресте әлі де қолданылатын шаралар бойынша қаржыны жылыстату үрдісі мен әдістемелерді қарау, іс-қимылға шолу жауапкершілігі жүктелген. Жұмыс қортындысы 1990 жылы ФАТФ-тың «Қырық ұсынымында» жарияланды. Кейін қайта қаралып және толықтырылып «IX арнайы ұсынымы» шығарылды. ФАТФ басымдықтары заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды ғаламдық қамтамасыз етуден, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша оның 40+9 ұсынымынан тұрады. Қазіргі сәтте Топ мүшелері мәртебесіне 35 ел және 2 ұйым ие. 20 ұйым мен 1 елдің ФАТФ-тың бақылау мәртебесіне ие екендігін атап өткен қажет. ФАТФ типі бойынша аймақтық топ оның формасына ұқсас және бірыңғай халықаралық жүйені (желі) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттар күресіне бірлесе, сондай-ақ, оны бақылауда ұлттық деңгейде орындалуына ие.

 

Қазіргі таңда әлемде 8 РГТФ жұмыс жасайды. Оның бірі заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың еуразиялық тобы болып табылады. ЕАТ 2004 жылы құрылды және Еуразиялық аймақтағы Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерін біріктірді. ЕАТ терроризм қаупін төмендету мәселелері мен ашықтылықты қамтамасыз етуде, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың халықаралық жүйесінде мемлекет аймақтарын тартуда маңызды орынға ие.

 

ЕАТ шеңберінде сондай-ақ, Қазақстан екіжақты ынтымақтастық негізінде техникалық іс-қимыл бағдарламасында ХВҚ, ББ, ЕҚБ БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты бенефициар ретінде қатысады. Техникалық іс-қимыл өзара мүдделі, қолайлы және тиімді негізде жүзеге асырылады. Бағдарлама қаржы бойынша: жобалар, кадрлық оқыту және заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылда Қазақстанның жалпы ұлттық жүйеде жеке элемент секілді дамуға қолдауға кеңестер беру.

 

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың Халықаралық институционалды жүйесі шеңберінде 1995 жылы бейресми форматта жаңа қаржы бақылау бөлімшелерін құру және олардың арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Эгмонт» тобықұрылды. Топ мүшелері мәртебесіне ие елдер саны 127 бұл халықаралық күшейген ұйымдардың ауқымды жұмысы мен маңызды рөлін көрсетеді. Қазақстан 2011 жылдың шілдесінде «Эгмонт» Тобының толық құқылы мүшесі болды.

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар салыңыз! 10.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 2 бөлімнен таба аласыздар.

жарияланды: 10.04.2017, 17:45

Сәуір, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30