• Назар салыңыз! 28.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 3, 1 бөлімдерiнен таба аласыздар.
  • Назар салыңыз, Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесі уақытша жұмыс істемейтіні үшін кешірім сұраймыз!
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімдерімен бірлесіп «Құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағынының құрылымдық талдауы» зерттеу жұмысын жүргізуде.

Бүгінгі таңда ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің басым көпшілігі үшін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру өзекті мәселе болып табылады, себебі бақыланбайтын ақша жиыны көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көлемінің артуына жағдай жасап отыр.

Ірі көлемде негізсіз қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған ақшалай қаражат көбінесе түрлі қылмыстар жасау нәтижесінде пайда болады. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету (бюджеттік қаражатты ұрлау), пара  алу жөніндегі жемқорлық іс-қимылар, шаруашылық жүргізу субъектілерінің салықтан жалтаруы.      

Жалған фирмалар заңсыз ақшаны жария ету үшін көптеген құралдарды пайдаланып, ақыр-соңында оны қолма-қол ақша жиынына айналдырады. Олардың есептеріне астыртын әрекеттерді ұйымдастырушылардан заңды негізде ақша түсіп отырады. Одан ары бұл фирмалар жоқ болып кетеді, ал ұйымдастырушылар келісімді орындамағандары үшін оларға еш талап-тілек білдірмейді немесе формалды түрде білдіреді.

Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру тәсімі негізінде банк жүйесін басымдықты пайдалану қағидасы бар.

Бүгінгі таңда қаржылық қызметтердің жетілуі мен олардың қолжетімділігі қылмыстық ақшаны қысқа уақыт ішінде ұйымдастырушылар тәсіміндегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға және жылыстатуға мүмкіндік береді. 

Қаржылық барлау бөлімдерінің қаржы операциялары (мәмілелер) жөніндегі мәліметтер ауқымын аналитикалық өңдеу мүмкіндігі есебінен, құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағындарын анықтауға арналған әлеуеті бар.

Осы зерттеулердің негізгі бағыттары:

- құқық бұзушылыққа және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға бағытталған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты қаржы ағындарының типологиясын анықтау;

- АЖ/ТҚ белгілері бар операцияларды жасау тәуекелі тұрғысынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін банктер, банктік емес қаржылық ұйымдар қызметіндегі осал тұстарын анықтау;

- қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күреске бағытталған алдын алу шараларын қарастыру. 

Осы бетке мобильді телефон арқылы ыңғайлы әрі тез кіру үшін qr-кодты қолданыңыз.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар салыңыз! 10.04.2017 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғалар мен ұйымдар өзгертілген тізімін 2 бөлімнен таба аласыздар.

жарияланды: 10.04.2017, 17:45

Сәуір, 2017

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30