• Назар салыңыз! 21.06.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

ФАТФ-ң 27-ші Пленарлық отырысына қатысудың қорытындылары

«Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының сессияаралық отырысына қатысу туралы

2016 жылғы 31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары С.С.Айсағалиева Эгмонт тобының Монте-Карло қаласында (Монако) өткен кезекті сессияаралық отырысына қатысты.

Іс-шараға қазіргі таңда құрамына 150 астам ел кіретін Эгмонт тобына қатысушы-елдердің ҚББ өкілдері және Дүниежүзілік банк, БҰҰ мен ФАТФ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Эгмонт тобы терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған жұмысын жалғастыра түсті. Терроризм трансұлттық қылмыстар қатарына жатады, бұл бірізді тәсілдерді және, ең бастысы, оларға қарсы күресуде келісілген іс-қимылдарды іске асыру үшін бірыңғай халықаралық құқықтық нормаларды әзірлеуді талап етеді. Бүгінде бірқатар араб, Азия мен Еуропа елдерінде орын алған террористтік актілерге талдау жүргізе отырып, қазіргі заманның осы әлеуметтік қасіретін бірлесе отырып қана жеңуге болатыны анық болды, ол үшін мемлекеттер мен олардың құзыретті органдарының жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейдегі өзара серіктестігін көздейтін терроризмге қарсы іс-қимылдың тиімді халықаралық жүйесін құру қажет. Отырыс қорытындылары бойынша ҚББ басшылары «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі күш-жігер» коммюникесін жариялауды мақұлдады.

Сессияаралық отырыс барысында Қаржы мониторингі комитеті Польша, Панама және Бангладештің қаржылық барлау бөлімшелерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара әрекеттесу жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Меморандумдар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысы бар деген күдікті туғызатын операцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі жайлы ақпаратпен алмасу жөнінде серіктестікті жүзеге асыруға бағытталған.

 

 «Эгмонт» тобының коммюникесі

Индонезия, Мысыр, Франция, Ливан, Мали, Сауд Арабиясы, Түркия мен Америка Құрама Штаттарында орын алған террористтік әрекеттер көрсеткендей, ИГИЛ, Аль-Каида сияқты террористтер мен террористтік ұйымдар мен олардың сыбайластарының барған сайын көбейіп жатқан іс-қимылдары және шетелдің террорист-боевиктерінің кеңінен жайылуы халықаралық қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен орнықтылығына үлкен қауіп-қатер төндіріп тұр.

Оларға жауап ретінде Эгмонт тобының мүшелері өздерінің күш-жігерлерін ИГИЛ-дің шетелдік террорист-боевиктерін қаржыландырудың жедел талдауын құруға шоғырландырды. Жоба проблемаларды айқындап, терроризмді қаржыландыруға (ТҚ) қарсы күрестегі ақпаратпен алмасуда қол жеткізген жетістікке тоқталып кетті.

Маңызды рөлдерін мойындай отырып, 2016 жылғы 1 ақпанда 102 қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары немесе олардың тағайындалған өкілдері Эгмонт тобы өскелең қауіп-қатерге қарсы қандай шешуші жауап қайтаратынын талқылау үшін оның басқарушы органының кезектен тыс отырысын шақырды. Мүшелерін қаржылық ақпаратпен және тәжірибесімен алмасу үшін біріктіретін халықаралық топ ретінде Эгмонт тобы өзінің бірегей жаһандық желісінен пайда алуды көздейді.

Кезектен тыс өткізілген осы отырыс барысында ҚББ басшылары ТҚ-ң юрисдикцияның әрқайсысына төніп тұрған қауіп-қатерін бағалау жағдайында келесілерге бағытталған мынадай ұсыныстар мен бастамаларды қабылдады:

  • Күдікті қаржылай қызметті ашуға көмектесу үшін серіктестерді терроризмді қаржыландыру көрсеткіштерімен қамтамасыз ету
  • ТҚ жөнінде ақпараттың келуін жақсарту мақсатында жергілікті барлау қызметтерімен серіктесу
  • ТҚ-ға қарсы күрес жағдайында халықаралық ақша аударымдарының пайдалылығын зерделеу
  • Қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз құралдарды тасымалдаушы курьерлер жайлы ақпаратты ұсыну туралы мәселені талқыға салу
  • Күдікті операциялар орын алған жағдайлар жайлы есеп беретін субъектілер аясын кеңейтудің қажеттілігін анықтау
  • Кенеттен болған және жан-жақты ақпарат алмасуды мүмкін ету үшін Эгмонттың негізін қалаушы құжаттарын жаңарту
  • ТҚ төндіріп тұрған қауіп-қатерлермен күресу үшін қаржылық барлаудың қажетті ақпаратымен алмасу мақсатында бірнеше дереккөзге қол жеткізуді қамтамасыз етуді шешу
  • Терроризмді қаржыландырумен тиімді күресуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету және ақпаратты бірлесіп пайдаланудың мәселелерін еңсеру үшін халықаралық КЖ/ТҚҚ стандарттарын белгілейтін Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдың қаржылық шараларын әзірлеу тобымен серіктестікті жалғастыру; сонымен қатар
  • Ақпараттан көбірек пайда алу, қаржылық барлаулардың деректерімен алмасып отыру және өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін, білімде, тәжірибеде және технологияларда мақсатқа жету жолында ҚББ мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отыруға деген талпыныс.

Осы бастамаларды жүзеге асыра отырып және осы ұсыныстарды назарға ала отырып, Эгмонт тобы терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі өзінің маңызды рөлін мойындайтынын көрсетеді. Бірегей жаһандық желі арқылы қаржылық барлаулардың беретін ақпаратының сапасын үздіксіз жақсарту Эгмонт тобының басымдығы болып табылады. Эгмонт тобы мүшелеріне қолдау көрсетуге, терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте оның халықаралық серіктестерімен одан әрі ынтымақтаса отырып жұмыс жасауға талпынады.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Маусым, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1. 19 Jun 2018 15:57 Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша талқылау өткізу
Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30