• Назар салыңыз! 19.06.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі жөнінде түсініктеме

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан ары – Комитет) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында келесіні хабарлайды.

        Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі (бұдан ары – Тізбе)ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі іс-шаралар қаржы (ФАТФ)  ақша қаражаты мен басқа активтерге дереу тыйым салу жөніндегі Ұсыныстарының 6-талабын іске асыру мақсатында құрастырылады. Бұл қаржылық мониторинг субъектілері мен мемлекеттік органдардың тізбеге қосылған ұйымға және (немесе) бенефициарлық меншік иесі жеке тұлға болып табылатын тізбеге қосылған тұлғаға тиесілі ақшаны және (немесе) басқа да мүлікті беру, өзгерту, меншіктен шығару бойынша шаралар қолдануды,  сондай-ақ банктер мен қаржы мекемелерінде терроризмді қаржыландыру көздерін іздеу және оқшаулаудың пәрменді тетігін жасап шығару бойынша жұмыс атқаруды  көздейді.

        Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан ары – Заң) 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Тізбе құрайды, ол Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдарға электронды түрде жібереді.

        Комитет Тізбені Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетінен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан    алынған хаттар негізінде Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес құрастырады.

        Тізбе Заңның 12-бабының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Комитетке ұсынатын ақпаратқа сәйкес жаңартылады және Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады (жаңарту күнін көрсетумен).

        Тізбені құрастыру және мемлекеттік органдарға жеткізу тәртібі Қаржы министрлігінің  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен 2015 жылғы 20 қарашадағы №576 бұйрығымен белгіленеді.

        Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына түсіндірме.

       12-бап Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі

  1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жібереді.
  2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін құзыретті органға жолданатындар:

         1)    өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;
         2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында және 5-тармағының 6) және   7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.
         Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Маусым, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1. 19 Jun 2018 15:57 Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша талқылау өткізу
Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30