• Назар салыңыз! 17.07.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Эгмонт тобының 23-ші Пленарлық отырысына қатысу

2015 жылдың 8-12 маусымы аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары С.С.Айсағалиева Бриджтаун қ. (Барбадос) «Эгмонт» тобының 23-ші Пленарлық отырысына қатысты.

«Эгмонт» тобы алаңында осындай кездесулерді өткізудің негізгі мақсаты соңыра тиісті шешімдерді қабылдау және осы тәжірибені ұлттық деңгейде қолдаун үшін КЖ/ТҚІ саласындағы практикалық тәжірибемен алмасу болып табылады.

Пленарлық отырыс кезінде қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) үшін өзекті сын-тегеуріндер талқыланды.

Іс-шараға Эгмонт тобына қатысушы елдердің ҚББ өкілдері қатысты, қазіргі таңдағы олардың саны 151 елді құрайды. Барлығы 295 жуық делегат.

Отырыс барысында Эгмонт тобының жаңа төрағасы Серхио Эспиноза мырза (Перу) сайланды және жаңа мүшелер – Камбоджа, Куба, Непал, Нигерия қабылданды.

ҚББ басшылары «Терроризмді қаржыландыруға қарсы жаһандық күрес» мәлімдемесін жариялауға мақұлдады, ол Эгмонт тобының «Ислам мемлекеті» және шетелдік боевик лаңкестермен күресу мақстанында өзінің жаһандық жүйесін пайдалануға дайындығын растады.

Бейресми аудармасы төменде келтірілген. 

«Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелерінің тобы: Терроризмді қаржыландыруға қарсы жаһандық күрес

Террористтердің, соның ішінде шетелдік террористік жауынгерлердің (ШТЖ) әлемдік қаржы жүйесін теріс пайдалануын болдырмау Эгмонт қаржылық барлау бөлімшелері тобы (Топ) және үшін басымдық болып табылады. Террористік ұйымдардың, соның ішінде Аль-Каиданың, Ирак және Левант Ислам мемлекетінің (ИЛИМ) әрекеттері және ШТЖ таралуы халықаралық әлем мен қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіреді.  

ИЛИМ және ШТЖ қаупі елдер мен аймақтарға жылдам таралып жатыр.

БҰҰ бағасы бойынша, қазіргі таңда әлемнің 100 астам елінен 25 000 жуық ерлер мен әйелдер Иракта, Сирияда және одан жиі Ливияда ШТЖ болу үшін туған үйлерін тастап кеткен.

Эгмонт тобы 151 елді ұсынатын қаржылық барлау органы болып табылады және ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі қаржылық ақпаратпен қауіпсіз алмасу үшін платформаны қамтамасыз етеді. ҚББ терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі ұлттық және халықаралық күш салуларға қолдау көрсетеді. ҚББ бұл ұлттық және халықаралық деңгейде қаржылық ақпаратпен алмасу алаңы.

Эгмонт тобы ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі өзінің бірегей жаһандық жүйесін пайдалануға талпынады және G20 қаржы министрлерінің, Ақшаны жылыстатумен қарсы күрестің харжылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) және БҰҰ мониторинг командасының мәлімдемелерін іске асыру үшін халықаралық серіктестердің және басқалардың күш-жігерлерін қолдайды.

Эгмонт тобы 2015 жылдың қыркүйегіне дейін ИЛИМ, ШТЖ бойынша терроризмді қаржыландырудың терең талдамалы зерттеуін жүргізуге міндеттенді. 

ШТЖ жөніндегі Эгмонт тобы талдауының екі мақсаты бар:

 (I)  әдеснаманы әзірлеу арқылы терроризмді қаржыландырумен күресу, ИЛИМ немесе Аль-Каиданың үлестес топтарын қолдайтын ШТЖ қаржы схемаларын мүмкіндішһгінше анықтау; және

 (II) терроризмді қаржыландыру үшін айрықша жан-жақты ақпаратпен алмасудың негізін құру.

Эгмонт тобының бірнеше ҚББ күдікті ШТЖ қаржы схемаларын тексеріп, олардың қаржылық шығындарын бақылайды. Эгмонт тобы өзінің серіктестерімен, соның ішінде ФАТФ-пен талдау нәтижелерімен бөлісуге ниетті.

Эгмонт тобы ШТЖ қаржы схемаларын анықтау бойынша бірлескен күш салулар үшін және терроризмді қаржыландыру және ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржылық ақпаратпен жан-жақты алмасу үшін ҚББ ұсынады. Ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде мемлекеттік мекемелердің ақпаратпен тиімді алмасуы үшін елеулі мәселелер бар екендігін мойындай отырып, өз мүшелерін:

  • қаржылық барлауды жүргізу үшін қажетті ақпарат көздерінің анағұрлым көп көлеміне қол жеткізуді іздеу;
  • дер кезіндегі тактикалық және стратегиялық талдау жөніндегі күш-жігерді ұлғайту;
  • жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту; және
  • ақпаратпен жан-жақты алмасу үшін құқықтық және басқа да тосқауылдарды жою бойынша үздіксіз алға жылжуға шақырады. 

Эгмонт тобы

Бриджтаун, Барбадос

2015 жылғы 12 маусым

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Шілде, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31