• Назар салыңыз! 21.06.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Дүниежүзілік Банк сарапшысының қатысуымен ҚР КЖ/ЛҚҚ туралы заңға түзетулерді дайындау жөнінде өтетін дөңгелек үстел жайлы баспасөз хабарламасы

2015 жылдың 26-28 мамыры аралығында Астанада Дүниежүзілік банк, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің ынтымақтастық етуімен дөңгелек үстел өтті. Семинарға мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кездесу 2015 жылға арналған Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, оның бөлшектерінің бірі Ақшаның жылыстауына қарсы іс-қимылдың қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) ұсыныстарының негізінде КЖ/ЛҚҚ туралы заңға түзетулерді дайындауда мемлекеттік органдарға көмек көрсету болып табылады.

Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңның (Заң) және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының (Заң жобасы) нормаларын талқылау болды. Бұдан басқа қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттеріне КЖ/ЛҚҚ туралы заңнама талаптарын орындамағаны бойынша жеңілдетілген шаралар мен норманы қолданумен тиісті тексеруді жүргізу мәселелері қарастырылды. 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары кірістерді жылыстату және лаңкестікті қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға, соның ішінде деректерді жинау және тәуекелдерді ұлттық бағалауды өткізу тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударды

Эстония және Лихтенштейн сарапшылары сол елдердегі Ақшаның жылыстауына қарсы іс-қимылдың қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) ұсыныстарын іске асыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында қаржы мекемелерін қадағалаған кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілдемені пайдаланудың тұсаукесерін өткізді.

Дөңгелек үстел аясында қатысушыларға КЖ/ЛҚҚ туралы заңға ұсынылып жатқан өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктеме беріп, оларды Дүниежүзілік банк сарапшысы Клаудио Стролигомен талқылау мүмкіндігі берілді.

Жұмыс кездесуі барысында қатысушылар қойған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Маусым, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1. 19 Jun 2018 15:57 Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша талқылау өткізу
Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30