• Назар салыңыз! 17.08.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БАРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БАРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА (ЖЫЛЫСТАТУҒА) ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА

 

 

 Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Жапонияның Қауіпсіздік бойынша Ұлттық Қоғамдық Комиссиясының Қаржы Барлау Орталығы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекеттерге байланысты ақпарат алмасу саласында бір-бірімен тиімді ынтымақтастықтағы өзара мүдделілікке сүйене отырып, заң бойынша міндеттемейтін құжат құруға талпына өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын қолдана отырып, төмендегі туралы өзара түсінушілікке келісті:

 

1

 

Тараптардың әрқайсысы, Тараптардың бірінің бастамасы немесе сұрау салуы бойынша, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деген күдік бар ақшалай қаражатпен және өзге мүлікпен операциялар туралы бар ақпаратты береді. Ақпарат беру туралы кез келген сұрау салу негізгі фактілерді қысқаша баяндаумен негізделуі тиіс.

 

2

 

Осы Ынтымақтастық туралы Хаттама негізінде алынған ақпарат Тараптардың мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және осыған байланысты қылмыстық әрекеттерге қатысты көмек көрсету мақсаттарында ғана қолданылады.

 

3

 

Тараптар алынған ақпаратты үшінші Тараптарға жария етуге, сондай-ақ осындай ақпаратты берген Тараптың алдын ала келісімінсіз, осы ақпаратты сот ісін жүргізу мақсаттары үшін пайдалануға жол бермейді.

4

Осы Ынтымақтастық туралы Хаттамаға сәйкес алынған ақпарат құпия болып табылады және оған қабылдаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында осыған ұқсас мемлекеттік көздерден алынған ақпаратқа қатысты көзделген қорғау режимі қолданылады.

 

5

Осы Ынтымақтастық туралы Хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы тарапы жағынан Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті және сәйкесінше Жапония тарапы жағынан Жапонияның Қауіпсіздік бойынша ұлттық қоғамдық комиссиясының Қаржы барлау орталығы негізгі байланыс мекемелер болып табылады.

6

Тараптар ынтымақтастық, оның ішінде ақпарат алмасу тәртібін өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес бірлесіп айқындайды және осы Ынтымақтастық туралы Хаттаманы іске асыру мәселелері бойынша қажетті консультациялар жүргізеді.

 

7

Тараптар арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

 

8

  1. Егер сұрау салуда айқындалған фактілер бойынша сұрау салушы Тарап мемлекетінде сот тергеуі жүргізіліп жатса, сондай-ақ егер сұрау салуды орындау Тараптар мемлекеттерінің қоғамдық тәртібіне немесе басқа мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайда, Тараптар сұрау салынған ақпаратты беруге міндетті емес.
  2. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, онда ол бұл туралы мұндай шешім қабылдау себептерін көрсете отырып, сұрау салатын Тарапты хабардар етеді.

 

 

 

 

9

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша Осы Ынтымақтастық туралы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін  өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

10

Осы Ынтымақтастық туралы Хаттама белгіленбеген уақыт кезеңіне жасалады және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Тараптардың біреуі екінші Тараптан осы Ынтымақтастық туралы Хаттаманың күшін тоқтататыны туралы өзінің ниеті жөнінде жазбаша түрде хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін өзінің күшін тоқтатады.

Осы Ынтымақтастық туралы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылғанға дейін алынған ақпараттың құпиялылығы туралы ережелері Осы Ынтымақтастық туралы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де күшінде қалады.

 

20__ жылы _________________   ________________ қаласында және 20__ жылы _________________   ________________ қаласында әрқайсысы ағылшын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрлігі үшін

 

 

 

____________________________

Жапонияның Қауіпсіздік бойынша Ұлттық Қоғамдық Комиссиясының Қаржы Барлау Орталығы

 

 

_______________________________

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31