• Назар салыңыз! 14.08.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

«Электронды ақша: экожүйе, технологиялар, ақшаны «жылыстатудың», терроризмді қаржыландырудың тәуекелдері және оларды төмендету шаралары» тақырыбындағы семинар өткізіледі

2015 жылдың 21-22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесе отырып, Астана қ. «Электронды ақша: экожүйе, технологиялар, ақшаны «жылыстатудың», терроризмді қаржыландырудың тәуекелдері және оларды төмендету шаралары» тақырыбындағы семинар өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Айдар Мекебеков құттықтау сөзінде іс-шара тақырыбының маңыздылығын атап өтті:

- Көптеген артықшылықтарға ие бола отырып, электронды ақшалар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тұрғысынан қауіп-қатер тобына кіреді.

ФАТФ бұл мәселе бойынша жеке зерттеу жүргізіп, «Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі анықтамалар мен әлеуетті қауіптер» есебін шығаруы кездейсоқ жағдай емес,

Бұл семинар сол мәселеге арналған алғашқы іс-шара болып табылады, ол Қаржы мониторингі комитетінің талдамалы бөлігінің деңгейін жетілдіруге және арттыруға бағытталған.

Астанадағы ЕҚЫҰ-ң Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер де іс-шараның өзектілігіне баса назар аударып, Астанадағы ЕҚЫҰ-ғ Бағдарламалар кеңсесі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің жоғарғы деңгейлі ынтымақтастығын атап өтті.

Семинар барысында электронды ақша технологиясын дамыту, жаңа технологиялар нарығындағы электронды төлемдердің рөлі, электронды ақша нарығын дамытудың негізгі үрдістері және олардың қазіргі төлем жүйесіне тигізетін әсерлері талқыланады.

Электронды ақша жүйесіндегі ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырудың басты қауіп-қатерлеріне және оларды барынша төмендетуге ерекше көңіл бөлінген. 

Осы тұрғыдан ФАТФ-ң жаңа стандарттары талқыланады, соның ішінде: Әтуекелге бағдарланған тәсіл (1 ұсыныс), Жаңа технологиялар (15 ұсыныс), клиенттерді тиісті тексеру (10 ұсыныс), Агенттер (14 ұсыныс), Үшінші тарапқа деген сенім (17 ұсыныс), Деректерді сақтау (11 ұсыныс), Күдікті операцияларға қатысты есептер (20 ұсыныс).

ФАТФ-ң арнайы құжаттарына талдау жүргізіледі: ФАТФ-ң алдын ала төленген карталар, мобильді төлемдер және Ғаламтордағы төлемдер үшін тәуекелге бағдарланған тәсіл бойынша басшылық; ФАТФ-ң банк секторындағы тәуекелге бағдарланған тәсіл бойынша басшылық; ФАТФ-ң ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда қаржы қызметтерінің қолжетімділігі бойынша басшылық. 

Ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа сын-талаптар: төлем сыңайлы құралдар, жеке ақша және криптовалюталар бойынша талқылау жүріп жатыр. 

Ресей Федерациясы Электронды ақша қауымдастығының өкілі семинар спикері болып табылады.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Тамыз, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31