• Назар салыңыз! 21.06.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2018 жылдың 12 наурыз күні Веб-СФМ жүйесінің жұмысында ақаулықтар болды, ақауды түзеу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • «Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО, ҚМС WEB ішкі жүйелеріндегі қате жойылды, ішкі жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді.»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары кеңесінің бесінші отырысы

2015 жылдың 16 мамырында Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары кеңесінің бесінші отырысы (одан әрі - ҚБББК) өтті.

Кеңес отырысы Қырғызстан қаржылық барлауының басшысы М.Т.Мәмбетжановтың басшылығымен өтті.

Отырыс жұмысына Армения Республикасы Орталық банк Қаржы мониторингі орталығының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің, Қырғызстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қаржы барлау қызметі, Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі жөніндегі федералды қызметінің, Тәжікстан Республикасы Ұлттық банкі жанындағы Қаржы мониторингі департаментінің, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің делегациялары қатысты. Беларусь Республикасының атынан Кеңес отырысында БР Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі В.А. Денисенко қатысты. Қазақстандық делегацияны Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Б.Ш.Тәжияқов бастап барды. 

Отырыста қонақтар ретінде Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Интеграциялық бірлестіктер департаментінің директоры Б.Б.Мұқашев, Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығының басшысы Елші С.П.Капинос және «Халықаралық қаржы мониторнгі оқу-әдістемелік орталығы» дербес коммерциялық емес ұйымның өкілдері қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөздерін:

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Интеграциялық бірлестіктер департаментінің директоры Б.Б.Мұқашев;

ТМД атқарушы комитетінің қауіпсіздік және жаңа сын-талаптар мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі департаменттің директоры А.И.Дружинин; Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығының басшысы Елші С.П.Капинос айтты.

Отырыс барысында Достастық елдері қаржылық барлау бөлімшелерінің ынтымақтастық және өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелер қарастырылды.

ТМД елдерімен көршілес жатқан аймақтарда ИЛИМ-мен жағдайдың ушығуына байланысты ТМД аймағында лаңкестік және экстремстік қызметті қаржыландыруға қарсы әрекет ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Күн тәртібі барысында 12 мәселе қарастырылды, олардың ішінде: ТМД ҚББ арасында ақпарат алмасу жүйесін құру бойынша Кеңес жұмысының жоспары, КІҚ/ЛҚ саласындағы тәуекелдерді бағалау жөніндегі жұмыс тобының жағдайы туралы, ТМД жұмыс органымен – Салық (қаржы) тергеу органдары басшыларының үйлестіруші кеңесімен ынтымақтастық туралы хаттама. Осы құжаттардың бәрін Кеңес бекітті.

ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ақпаратпен жедел алмасуды қамтамасыз ету бойынша жол картасы мақұлданды. 

Отырыс барысында сонымен қатар ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары кеңесі мен ТМД қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамалар мақұлданды.

Кеңесте ұйымдық мәселелер де қарастырылды. Отырыс барысында Қырғызстан бұл Кеңестегі төрағалықты Ресей Федерациясына табыстады. Жаңа төраға болып Қаржы мониторингі жөніндегі федералды қызметтің директоры Ю.А.Чиханчин тағайындалды, Кеңестің бірлескен төрағалары Қырғызстан қаржылық барлау мемлекеттік қызметінің төрағасы М.Т.Мәмбетжанов және Тәжікстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы мониторингі департаментінің директоры Ш.А.Нұров болды. Хатшылықтың басшысы болып Росфинмониторингтің статс-хатшысы – директордың орынбасары Ливадный Павел бекітілді.

Кеңестің келесі отырысы Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) 2015 жылдың қарашасында өтеді. 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Маусым, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
1. 19 Jun 2018 15:57 Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша талқылау өткізу
Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұжырымдама жобасына талқылау өткізу туралы
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30