• Назар салыңыз! 04.11.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Халықаралық ынтымақтастық

Ғаламдық халықаралық қауымдастық трансұлтты ұйымдасқан қылмыс пен терроризм тарапынан халықаралық қауіпсіздікке төнген қауіптің артуына байланысты жауап ретінде заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды ұйымдастырады және осы мақсатта құрылған халықаралық ұйымдар мен жаңа мамандандырылған органдар мен құрылымдарды пайдаланады. Мұндай ұйымдар мен мамандандырылған органдар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуде қолданылатын әдістерді үйлестіруде қаржыны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың институционалды негіздегі халықаралық жүйесін құрайды.

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық институттардың бірі 1989 жылы Үлкен жетілікке кіретін Мемлекет және Үкімет басшыларының бастамасымен құрылған Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлейтін Топ (ФАТФ) болып табылады.

Топқа қаржыны жылыстатудың әдістері мен үрдісін қарастыру, ұлттық немесе халықаралық деңгейде қабылданған іс-қимылға шолу жасау, және қаржыны жылыстатуға қарсы күресте әлі де қолдану қажет шаралар бойынша жауапкершілік жүктелген. Жұмыстың қорытындысы болып 1990 жылы жарияланған ФАТФ-тың «Қырық ұсынымы», кейін қайта қаралған және толықтырылған «IX арнайы ұсынымы» болып табылады. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ ұсынымдары – Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын қаржыландыруға қарсы халықарлық ұсынымдары қабылданды.

ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымдар ФАТФ сынды құрылымға ие және бірлесе отырып ақшаны жылыстатумен және терроризщмді қаржыландырумен тұтас халықаралық жүйені құрайды.

Қазіргі таңда әлемде 8 ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымдар жұмыс жасайды. Оның бірі заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың Еуразиялық тобы (ЕАТ) болып табылады.  ЕАТ 2004 жылы құрылды және Еуразиялық аймақтағы Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерін біріктірді. 2011 жылдан бастап үкіметаралық ұйым статусына ие. ЕАТ терроризм қаупін төмендетуді қамтамасыз етуде, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың халықаралық жүйесінде аймақ мемлекеттерін тартуда маңызды орынға ие.

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың халықаралық институционалды жүйесі шеңберінде 1995 жылы бейресми форматта «Эгмонт» тобы құрылды.

«Эгмонт» Тобының мақсаты - заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында, сонымен қатар АЖ/ТҚ бойынша ішкі бағдарламаларды іске асыруда көмек көрсету үшін  қаржы барлау бөлімшелерінің тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету.

Қаржы мониторингі комитеті 2011 жылдың шілдесінде «Эгмонт» Тобының толық құқылы мүшесі болып қабылданды.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!