• Назар салыңыз! 05.12.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Эгмонт

Қаржылық барлау бөлімшелерінің «Эгмонт» тобы

Мамандандырылған мемлекеттік құрылымдар (қаржы барлау бөлімшелері, ҚББ) ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күреседі және әлемнің көптеген елдерінде құрылған.

1995 жылғы маусымда Брюссельдегі Эгмонт-Аренберг сарайында бірқатар мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдері ақшаны жылыстатумен және осы жаһандық проблеманы шешудің жолдарын талқылады.

Осы бірінші кездесудің нәтижесінде «Эгмонт» тобы құрылды, ол ақшаны жылыстатуды,  кейіннен терроризмді қаржыландыруды анықтауға және алдын-алуға пайдалы  ақпарат алмасуды және ынтымақтастықты нығайтудың ұжымдық механизмін құру болып табылатын жалпыға бірдей мақсатпен біріктірілген мемлекеттік органдардың бейресми ұйымы болып табылады.

Ұйымның негізгі мақсаты - ақшаны жылыстатуға қарсы ұлттық бағдарламаларды қолдайтын, соның ішінде ақпаратпен алмасуды кеңейту, қызметкерлерді дамыту және жаңа технологияларды пайдалана отырып, байланыс арналарын дамытуды қолдайтын ҚББ форумын құру.

Эгмонт тобының негізгі құжаттары – «Мақсаты туралы мәлімдеме» (бастапқыда 1997 жылғы 24 маусымда Мадридте қабылданды) және Эгмонт тобының мақсаты туралы мәлімдемеге қосымша болып табылатын «Қаржы барлау бөлімшелері арасында ақпарат алмасу қағидаттары».

2007 жылы Эгмонт Тобының құрылтай құжаты (Жарғы) қабылданды және 2013 жылы жаңартылды, оған сәйкес Торонто қаласында (Канада) топтың Хатшылығы құрылды.

«Эгмонт» тобының қатарына Топтың қаржылық барлау бөлімшелеріне берген анықтамасына толығымен сәйкес келетін елдердің ҚББ-і қабылдана алады.

Мұндай ҚББ жұмыс істеп тұрған және ақпарат алмасу қағидалары негізінде барлық серіктес ҚББ-мен ақпарат алмасудың заңды мүмкіндіктеріне ие болуы керек.

Қазақстан Республикасының қаржы барлау бөлімшесі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті қаржы барлау бөлімдеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растай отырып, 2011 жылдың шілдесінде Қаржы барлау бөлімшелерінің Эгмонт тобына мүше болып енді.

«Эгмонт» Тобының қызметі туралы толығырақ ақпаратты оның ресми сайтынан таба аласыз (www.egmontgroup.org)

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!