• Назар салыңыз! 12.11.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі (ТМД ҚБББК)

 

 2012 жылғы желтоқсанда Ашхабад қаласында (Түркіменстан) өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінің басшылары кеңесін құру туралы келісімге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украина мемлекет басшылары қол қойды (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 маусымдағы № 838 қаулысымен бекітілген). 2018 жылы Өзбекстан қосылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары Кеңесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастығы органы болып табылады және қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Кеңес өз қызметі бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларының Кеңесіне бағынады және өз қызметін ТМД Атқару комитетімен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясымен, ТМД-ның басқа да органдарымен және қажет болған жағдайда халықаралық ұйымдармен (атқарушы) органдарымен, Ақшаны жылыстатумен күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлеу тобымен (бұдан әрі - ФАТФ) және ФАТФ типіндегі аймақтық топтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара ынтымақтастық негізінде жүзеге асырады.

Кеңес Келісімге қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшыларынан құралады.

Кеңестің негізгі қызметі:

• қаржылық барлау бөлімшелері мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласына кіретін ТМД органдарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

• ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және бірлескен тиімді шаралар қабылдау;

• ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру мен келісудің жалпы тәсілдерін әзірлеуге ықпал ету;

• ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

• ТМД аясында қабылданған құжаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

ҚБББК-ның ресми сайты: www.fiu-cis/org

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қараша, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
   
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30