• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Журнал "Қаржы/Финансы" № 1, 2014 "Қазақстандағы қаржы мониторингі"

           Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төраға міндетін 
                                                             атқарушы-
                                                             Айсағалиева София Серікбайқызы

 Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің аса маңызды аспектілерінің бірі – халықаралық және ұлттық деңгейде тосқауыл қою  мақсатында механизмдер құру мәселелері болып табылады. Әлемде ерекше геосаяси орын алатын, нарықтық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, наркотраффик және террористік қызметтері бар аудандарға жақын орналасқан Қазақстан үшін заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс- қимыл және терроризмді қаржыландыруға бағытталған көздерді жабу мәселелері аса өзекті.

Осы бағытта Қазақстан маңызды қадам жасады: 2008 жылы Қаржы министрлігінің құрамында қаржы мониторингіне жататын  ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы ақпараттарды жинау, өндеу және талдау бойынша шараларды жүзеге асыратын орган – Қаржы мониторингі комитетін құрды.

Комитет – Елбасының жеке тап­сырмасымен және Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-шаралар әзірлейтін  топтың (бұдан әрі-ФАТФ) ұсы­нымдары негізінде құрылды.Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл жөнінде ұлттық жүйенің құрылуы қазіргі таңда уақыт талабы.

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылғы 28 тамызда қол қойған, Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралы» Заңы 2010 жылғы 9 наурызда  күшіне енді.Осы заңмен қатар, Қазақстанның 26 қолданыстағы заңдарына өзгерістер енгізілді.

2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасының  қаржылық мониторинг жүйесі Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың (ЕАТ) АЖ/ТҚҚ саласында халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша бағалауынан өтті.

ЕАТ өзара бағалау есебіндегі белгіленген кемшіліктерді жою  мақсатында Заңжобасы әзірленді

Әзіргенген  заңжобасындағы түзетулер:

- қаржы мониторингі субъектілерінің тізімін кеңейту;

-«бенефициарды меншік иесіне (пайда алушыға)» қатысты тиісті тексеру жүргізу бойынша талаптар белгілеу;

-ішкі бақылау ережелерін жетілдіру және қаржы мониторингі субъектілері өз клиенттерін тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде тиісті тексеру жүргізу;

-күдікті операциялар бойынша  қосымша шарттар белгілеу;

-қабықша-банктерді құруға, оның қызметіне және олармен корреспонденттік қарым қатыс жасауға, сонымен қатар анонимді банктік есеп-шоттар немесе  жалған есімдер атынан  банктік есеп-шот ашуға тікелей тиым салуды белгілеу;

- конверсияны (айырбастау) қылмыстандыру немесе қылмыстан түскен кірісті көрсететін мүлік аударымын, сонымен қатар  Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық Конвенцияларға сәйкес қылмыстан алынған кірістерді алып кою және тәркілеу;

-ақшаны жылыстатуды кылмыстандыру бөлімінде инсайдерлік келісім мен нарықпен айла-шарғылар жасау ;

-түсіндірме аппараттын кенейту.

Заң жобасы қөленкелі экономика және коррупциялық  бұзушылық көлемін төмендеуіне, инвестиция өсуіне және экономикалық нәтижелігіне, бюджетке салық түсуінің ұлғайуына алып келеді, сонымен қатар ұлттық қаржылық жүйесінің тазалығын өсіріп және бизнес өкілдерінің қылмысты схемаларға тартылу тәукелін төмендету арқылы мүдделерін қорғап, бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.  

Заң жобасымен АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 34 заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар  енгізу көзделеді.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31