• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Мемлекеттік жүйе ашық болса, сыбайластық азаяды

Қазіргі уақытта жемқорлықтың түрлері мен аспектілерін, сыбайлас жемқорлықпен күрес салаларын зерттеу нәтижесінде мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі мақсаты – бүкіл қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзімсіздікті қалыптастыру екендігін анықтап отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасып келе жатқандығын көрсететін оқиғалар соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі жарияланатын болды. Әртүрлі деңгейдегі сыбайлас жемқорлықпен байланысты жанжалдар көпшіліктің ойынан шығатындай шешіліп жатқанына жиі куәгер болып жүрміз. Қоғамдық пікірдің жедел араласуының нәтижесінде бірнеше мемлекеттік билік өкілдері қызметінен кетті. Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдарының заңдық шеңбердегі жекелеген жемқорлармен күресінен гөрі осы құбылыспен халықтық күрестің әлдеқайда маңызды нәтиже беретініне берік сенім қалыптасты. Бұл - сыбайлас жемқорлықпен күрестің бүгінгі күнгі негізгі нәтижесі.

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарының алдын алуда еліміз жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен көрсетудің нәтижесі бүкіл ел аумағында жемісті жүзеге асырылған «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мен «Электронды үкімет» болды. Халық пен үкімет арасында тікелей байланыс орнатылды, мемлекеттік қызметтер халыққа жылдам әрі ыңғайлы түрде көрсетілетін болды. Алдағы жылдары Елбасының тапсырмасымен барлық мемлекеттік қызметтерге сараптама, оңтайландыру жүргізілген соң олардың барлығы «бір терезе» принципімен бір жерде көрсетілетін болады.

Мемлекеттік биліктің барлық құрамдас бөліктеріне қоғамдық бақылауды күшейту мақсаты «Нұр Отан» ХДП секілді ірі саяси құрылымдарда арнайы бағдарлама негізінде кешенді түрде жүргізіледі.

Биыл халық алдында есеп беретін мемлекет құру, азаматтың қоғамдағы рөлін күшейту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданды. Осы Заң шеңберінде мемлекеттік органдар қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтардың пікірін, ұсыныстарын ескеруге міндеттеледі. Заң азаматтың қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарды бір жүйеге түсіріп, байланысын нығайтады. Мемлекеттік жүйе неғұрлым ашық, диалогқа бейім болған сайын сыбайлас жемқорлыққа әкелетін алғышарттар да азая береді.

Қазіргі кезде орталық басқарушы билік жергілікті жерлерде өз функцияларын саналы түрде шектеп, жергілікті халықты өз мәселелерін шешуге тарту арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы белсенділігін арттыруда. 2020 жылға дейін жергілікті әкімдер мен мәслихаттардың орталыққа тәуелділігі азайып, жеке бюджеттері бар, тек халық алдында есеп беретін өкілеттігінің аумақтық шеңберінде басты саяси тұлғаға айналады. Осылайша Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты ауыздықтаудың негізгі шаралары жүзеге асырыла береді.

 

                                                                                                               Ә. Сәрсенов.,

                                                                                                               ҚР ҚМ Қаржы комитетінің қаржы мониторингінің комитеті

                                                                                                               Алматы қаласы бойынша

                                                                                                               Қаржы мониторингі департаментінің басшысы.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31