20 қаңтар, 2021 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қаржы мониторингі субъектілері мен білім беру ұйымдарының назарына!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұданәрі – Комитет) 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралыЗаңына2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.
Орналастырылды: 21.10.2020 (12:05)
Құрметті пайдаланушылар!
2020 жылғы 21 тамыздың сағат 18:30-дан бастап 24 тамыздың сағат 20:00-ге дейін үздіксіз қуат көзін ауыстыру бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «ҚР ҚМК БАТЖ» серверлік жабдығы (ҚОДЖ ішкі жүйесі) мен желілік жабдығының жұмысы тоқтатылады.
Жұмыстарды өткізу кезінде қаржы мониторингі субъектілеріне арналған қаржы операциялары туралы деректерді жинақтау сервистері, жергілікті торап, Интернет, ақпараттық жүйелер (IPGO, ЕСЭДО, Documentolog, корпоративтік пошта) қолжетімсіз болады.
Орналастырылды: 21.08.2020 (18:05)
Құрметті жүйе пайдаланушылары!
Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00-ден бастап, ҚМ-1 формаларын қабылдауға арналған сервис (БАТЖ ішкі жүйесі) қол жетімсіз болғанын мәлімдейді. Қазіргі таңда ішкі жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін Комитет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Орналастырылды: 27.05.2020 (11:45)
Құрметті жүйе пайдаланушылары!
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылғы 13 наурыздың сағат 17:00-ден бастап 16 наурыздың сағат 18:30-ға дейін ҚМ-1 формаларын қабылдауға арналған БАТЖ ішкі жүйесінің сервисі қол жетімсіз болғандығын мәлімдейді. Оның себебі Интернетке қол жетімділікті ұсыну қызметтері жөніндегі Провайдер тарапынан ақаулардың орын алуымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта Комитет барлық қажетті шараларды қабылдап, ішкі жүйе жұмысы қалпына келтірілді.
Орналастырылды: 17.03.2020 (15:30)
Құрметті жүйе пайдаланушылары!
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылғы 13 наурыздың сағат 17:00-нен бастап 16 наурызға дейін ҚМ-1 формаларын қабылдауға арналған БАТЖ ішкі жүйесінің сервисі кол жетімсіз екендігін мәлімдейді. Оның себебі Интернетке қол жетімділікті ұсыну қызметтері жөніндегі Провайдер тарапынан ақаулардың орын алуымен түсіндіріледі.
Комитет аталған ақауды жою бойынша барлық сәйкес шараларды қолдануда. Қазіргі уақытта «Веб-СФМ» ішкі жүйесі штаттық режимде жұмыс жасамайды.
Орналастырылды: 16.03.2020 (16:50)
Құрметті жүйе қолданушылары!
2020 жылдың 12 наурызында сағат 19:45-те EXADATA V2-2 ҚОДЖЖ ДБ-ның бір кластері (SELL-себет) істен шықты. Осыған байланысты ҚОДЖЖ ішкі жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті барлық қажетті шараларды қабылдап, ішкі жүйенің жұмысы қалпына келтірілді.
Орналастырылды: 13.03.2020 (17:50)
Назар аударыңыз!
Қаржы мониторингі комитетіне тәуелді емес себептерге байланысты ҚР ҰБ ҚБЕО-мен байланыс арнасы қазіргі уақытта қол жетімсіз екенін хабарлаймыз. Комитет орын алған ақауларды түзету үшін барлық тиісті шаралар қолдануда.
Орналастырылды: 26.12.2019 (14:20)
Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама
2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.
Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)
Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық
бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40
Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)
WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау
Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады
Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады
Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)
Қаржы мониторингі субъектілеріне
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.
Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)