- Басты бет
- Құқық қорғау қызметі
- Жаңалықтар, анонстар, брифингтер
Жаңалықтар, анонстар, брифингтер
11 қаңтар 2021, 10:390
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот – фактуралармен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 млрд. теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан. Аталған азаматтардың алдын ала сөз байласып экономика саласындағы жасаған заңсыз…
11 қаңтар 2021, 10:370
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) контрабандалық тауарының тасымалын жүзеге асырған Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тауарларды контрабандалық жолмен өткізу кезінде ҚР аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурстар табылған көлік құралдары ұсталды…
25 желтоқсан 2020, 17:150
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің басшысы Али Сапарғалиұлы Алтынбаев азаматтарды, жеке және заңды тұлғаларды қабылдады. ⠀ Қабылдауға қатысқан азаматтардың әрбір арызы мұқият зерделеніп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экономикалық тергеу департаментінің құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша арыздар қабылданды. ⠀ Департамент басшысымен азаматтарды қабылдау әр аптаның бейсенбі күні жүргізіледі. Қабылдауға 8 (727) 278-00-87 телефоны арқылы жазылуға болады…
19 қараша 2020, 15:580
ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен «К» есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуді. Ол бірнеше рет 100 АҚШ доллары номиналының жалған 2932 данасын, яғни 293 200 АҚШ долларын сатқан және жалған 600 000 АҚШ долларын сату мақсатында өзінде сақтағандығы анықталды. Оған қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпа шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды…
19 қараша 2020, 15:500
ҚР Қаржы Министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрыңғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд. теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін қамауға алу бұлтартпа шарасы: - Банктің бұрыңғы Төрағасының орынбасары Ильясов Бахтияр…
27 қазан 2020, 17:271
Ағымдағы жылдың 27 қазанында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департамент басшысының орынбасары Б.А. Жүзенов «Antikor.live» жобасына қатысты. Тікелей эфир барысында Б.А. Жүзенов Алматы қаласы аумағында көлеңкелі экономикаға қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, спикер желі қолданушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы, оның ішінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталып жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. «Antikor.live» жобасының басты мақсаты, халықты Қазақстан Республикасы сыбайлас…
27 қазан 2020, 17:250
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қ. Прокуратурасының үйлестіруімен зергерлік дүкендер желісін жамылған «B2B Jewelry» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар халыққа сатып алу сомасының 104% -ы мөлшерінде «кэшбэк» түрінде ақшаны қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан. Сонымен қатар, клиенттерге сатып алынған сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% кіріске…
08 қазан 2020, 11:170
ҚР ҚМ Қаржы мониторинг Комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың ұйымдастырушылары мен заңсыз ойын бизнесіне ғимаратты жалға берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Жедел-тергеу амалдары барысында астыртын ойынхананың қызметі әшкереленіп, ол жерде ойыншылар мен казино жұмысшылары болғандығы анықталды. Тінту барысында, покер ойынына арналған кейс, ойын карталары, фишкалар мен ақшалай қаражат анықталып, тәркіленген болатын. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар астыртын ойынханаға келетін адамдарды қатаң тексеріп,…
24 қыркүйек 2020, 16:481
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Департамент қызметкерлерімен «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Сонымен, ШҚО-ның Глубокое ауданында ЖШС директоры азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныстандыру және қоныс аудару…
08 қыркүйек 2020, 13:020
Алматыда ер адам өзінің еншілес компаниялары арқылы 6,5 миллиард теңгеге коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура берген. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы прокуратурасымен және қалалық сот бірлесіп жалған шот-фактураларды жасайтындарды анықтау мақсатында тұрақты жұмыс жүргізуде. «Нәтижесінде қала соттарына 19,5 млрд теңгеге шот-фактуралар жазылған 8 қылмыстық іс жолданды. Осылайша, қолма-қол ақшаға айналдырушылар контрагенттерге 5,4 млрд теңгеден астам сомаға салықтан жалтаруға көмектескендер анықталды. 5 кінәліге қатысты айыптау үкімі шығарылып және тағы…