• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

2016 жылғы 1 маусым. Қаржы мониторингі комитеті елордада тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға арналған «БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАЙЫҚ» атты қайырымдылық шарасын өткізді

2016 жылғы 1 маусымда Қаржы мониторингі комитетінің еңбек ұжымы елордада тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға арналған «БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАЙЫҚ» қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шараға Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары А.З Мекебеков бастаған комитеттің Жас мамандар кеңесі мұрындық болып отыр. 

Айта кететіні, бұл біздің ұжымымыз өткізіп отырған алғашқы шара емес, бұған дейін Қазақстан Республикасында 2016 жылдан ресми мереке деп танылып, 1 Наурызда атап өтілетін Рахмет айту күніне арналған «Біз біргеміз» шарасын өткізген болатынбыз. Көктемнің шуақты мерекесінде ұжымымыздың күшімен бес аз қамтылған отбасыға материалдық және азық-түліктік көмек көрсетілді. Бұл отбасылар біздің тұрақты қамқорлығымызда. 

Ал Балаларды қорғау күніне дайындық мәселесіне келсек, бұл ретте Жас мамандар кеңесі балаларға тартылатын сыйлықтарды таңдау ісіне ерекше көңіл бөлді.  Яғни, балалардың жас шамасын және гендерлік өзгешеліктерін есепке алды. Сәйкесінше, жасөспірімдерге көлемі 45х65 болатын сандық көркем сурет сатып алдық. Бұл картиналар психика тұрғысынан әлі жетіле қоймаған жасөспірімдерге оң әсерін тигізеді. 

10 жастағы қыз балаларға шығармашылыққа арналған жиынтықтар, атап айтқанда, фотосурет салуға арналған табиғи материалдармен  әрленген жақтау сыйға тартылды. Оларға балалар өздерінің немесе жандарына жақын жандарының суреттерін сала алады. Ал бүлдіршіндерге құмда ойнауға арналған   сапалы және көлемді  жиынтықтар сыйланды. 

Сонымен қатар, балалардың шығармашылық даму тақырыбын жалғастыра отыра, әр балаға көркем кеңсе құралдары, оның ішінде бояулар, қарындаштар, сурет салуға арналған альбомдар және бояуға арналған жарқын түсті суреттер табысталды. Бұл жолы біз балалардың шығармашылық ой-өрісін дамытатын сыйлықтарды таңдадық. Өйткені, олардың әлеуметтік жағдайы олардың бұл тараптан дамуларына мүмкіндік аз беруі мүмкін. Мұндай даму барлық балаларға аса қажет, ол арқылы балалар қоршаған ортамен танысады. Оған қоса, Комитеттің кейбір қызметкерлері балаларға өздерінің жеке заттарын берді. Олардың ішінде киім-кешек, қолдорбалар, кітаптар бар. Жас мамандар кеңесі атқарған жұмысты қорытындылай келе, Комитет қызметінің барлық уақытында мамандардың қайырымдылық ісіне белсене атсалысып келе жатқанын атап айту керек.

Балаларға жеке пакеттер, түрлі-түсті шарлар және тәтті тағамдармен бірге көтеріңкі  көңіл-күй сыйлау мақсатында ұжымымыз кинотеатрға 13 билет сыйлады. Жасөспірімдер үшін  «Варкрафт» фантастикалық кинолентасына, ал бүлдіршіндерге «Алиса в зазеркалье» ертегісіне  билеттер алдық. Балаларға арналған осы бір таңғажайып іс Қаржы мониторингі комитетінің еңбек ұжымы жинаған қаражат есебінен ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да балалар мен олардың туған-туыстарына бұдан да үлкен қуаныш сыйлайтын  істер атқарып, өмірлерін жақсарта түсеміз деген ойдамыз. 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31