• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы

Астана қаласында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық тобының 24-ші Пленарлық отырысы өткізілді.

          

                    2016 жылғы маусымның 9-ынан бастап 10-ын қоса алғандағы кезеңде Астана қаласында Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық тобының (ЕАТ) 24-ші Пленарлық отырысы өтуде.

                    ЕАТ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі тобына (ФАТФ) типтес аймақтық тобы болып табылатын, экономикалық қылмысқа қарсы күрес және халықаралық терроризм қауіпін азайту үшін бірлескен күш-жігерді жүзеге асыру үшін Еуразия кеңістігінде 9 мүше-мемлекетті қамтиды: Беларусь Республикасы, Индия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы.

                   ЕАТ мүше-мемлекеттермен қатар іс-шарада бақылаушы мәртебесіне ие 15 басқа мемлекеттер және 18 халықаралық ұйымдар қатысты. Соңғылардың қатарына: Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банкі, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы (ЕЫҚҰ), Азиалық даму банкі, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі тобы (ФАТФ), Ақшаны жылыстатумен күрес шараларын бағалау бойынша Еуропа Кеңесінің сарапшылар комитеті, ФАТФ типтес басқа аймақтық топтар және басқалары.

                   2011 жылы Қазақстан ЕАТ Келісіміне қол қойған күнінен бері ЕАТ Пленарлық отырысы біздің республикамыздың аймағында бірінші рет өткізілді.

                   Пленарлық отырыс жұмыстары ЕАТ төрағасы, Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі федералдық қызметінің директоры - Юрий Чиханчиннің басшылығымен өтті.

                   Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Әбдірұлы ашты.

          

                 24-ші ЕАТ Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы делегациясы құрамында ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті,  ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және Коммуникация министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

                 Пленарлық отырыс есірткі саудасын, қылмыс пен терроризмді қаржыландыру бойынша, типологиялар бойынша, өзара бағалау және құқықтық мәселелер бойынша, тәуекел мен қадағалау бойынша, техникалық көмек бойынша жұмыс топтарының қорытыныларын жасады.

                 Пленарлық апта назары АЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерін өзара бағалау рәсімдерін талқылау бағытталатын болады, соның ішінде, мүше мемлекеттердің ЕАТ өзара бағалаудың екінші кеезеңіне дайындық. ФАТФ бағалау әдістемесі жаңа талаптарына сәйкес өзара бағалау ІІ-ші кезеңі елдердің ақшаны жылыстатуға қарсы заңнамаларының тиімділігін тексеруге шоғырланғандығы туралы атып кеткен жөн. Осыған байланысты, бұл бағалаудың жаңа кезеңі шеңберінде бағалауға дайындық қарсаңында мемлекеттердің іс-шаралары алгоритмі талқыланады.

                 ЕАТ алаңында қатысушылар есірткі саудасын қылмыс пен терроризмді қаржыландыру және ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін талқылады.

                 Қазіргі таңда ЕАТ-тың мүше мемлекеттері үшін негізгі басымдылық болып өзін Ирак пен Леванның Ислам мемлекеті (ДАИШ) деп атайтын террористік ұйымның іс-әрекетімен күреске бағытталған біріккен шараларды күшейту табылады.   Барлау басқармаларының мәліметтеріне сәйкес ДАИШ-тың іс-әрекетін қолдаушы негізгі қаржы көздері мұнай мен газ және басқа да табиғи ресурстар барлауынан, өзін өзі жариялаған мемлекеттің аумағында тұратын жергілікті халықты тоңаудан, агроөнеркәсіптік кешендерді пайдаланудан және мәдени құндылықтардың контрабандасынан түскен кірістер болып табылады. Терроризм қаупі адамзат қауымына және мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне жаһандық қауіп төндіретіндіктен, ФАТФ және ЕАГ сияқты аймақтық топтар өзінің барлық күштерін ДАИШ-тың террористік іс-әрекетін қаржыландыруға бағытталған қаржы ағымдарының жолын кесуге бағыттады. Бұл жоғарыда аталған қылмыстық ұйымның мүшелерінің активтерін тоқтатып қою және оқшаулау құралдарын қолданумен қатар жүреді.

                  Аймақтық қөзқарас тұрғысынан шетелдік жауынгер террористер (ШБТ) және шетелдік террористік жақтаушылар түсінігін кеңейте алатын қаржы барлауында бар бірегей қаржы деректеріне негізделген қаржы барлаудың стратегиялық өнімдерін әзірлеуге ерекше назар аударылды. Нақтырақ мақсат жауынгерлік жанжал аймақтарына қатысушы тұлғаларды қаржыландырудың әлсіз тұстарын, тәуекелдерін, тенденциялары мен әдістерін анықтау болып табылады.

                  Пленарлық отырыс алаңында есірткі құралдарының заңсыз айналымымен және олардың Еуразиялық кеңістік пен онымен шекаралас мемлекеттер арқылы өту жолдарымен күрес мәселелерін талқылау жоспарланды.

 

ЕАТ өзінің мүше мемлекеттерімен жүргізілетін салық заңнамасын ерікті түрде ұстану бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударды, мүше мемлекеттердің активтерді заңдастыру туралы заңнамасының ФАТФ-тың базалық қағидаларына сәйкестігіне қатысты талдау жүргізді  және ФАТФ-тың жаһандық жүйесінің мүше мемлекеттеріне бұндай бағдарламалар бойынша қорытындысын жіберді.

Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша шығарылатын шешімдер мен қорытындылар жекелеген мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше елдермен одан әрі қарайғы сыртқы экономикалық қарым қатынасына тікелей ықпал ететіндіктен ЕАТ алаңында өткізілетін рәсімдердің жоғары маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде ФАТФ халықаралық стандарттары БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен Венада, Палермода, Нью-Йоркте қол қойылған БҰҰ-ның халықаралық конвенцияларының негізінде құрылған.

ЕАТ-ның  24-ші Пленарлық отырысы 2016 жылдың 10 маусымында Көпшілік мәлімдемесін қабылдаумен аяқталды. 

 

 

ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті


 

   
       
                 
 

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31