17 қаңтар, 2021 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
2018 жылдың 23 мамырында Нанкин қаласында (Қытай) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топтың (ЕАТ) 28-Пленарлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті мен Ауғанстан Ислам Республикасының орталық Банкінің қаржылық транзакциялар мен есеп Орталығының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.
Келісімнің мәні қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен байланысты деген күдік туғызатын ақшамен немесе өзге мүлiкпен жасалған операциялар туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ осындай операцияларды жасауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алмасу бойынша өзара ынтымақтастық болып табылады.