• Назар салыңыз! 05.12.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметтік-іздестіру иттерімен офицер-кинологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді

2019  жылдың 30 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу»  бағдарламасы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметтік-іздестіру иттерімен офицер-кинологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған курстың мақсаты бұдан бұрын қалыптастырылған білімдерін, дағдыларын бекіту және жетілдіру, сонымен қатар синтетикалық топқа жататын есірткі құралдарының жаңа түрін еңгізу.

Іс-тәжірибе жағынан көмек көрсету мақсатында алғаш рет іс-тәжірибелік сабақтардың басым бөлігі Алматы қаласындағы халықаралық әуежайында, уақытша сақтау қоймаларында, сонымен бірге «Жетісу» кеден бекетінің қызмет аймағында орналасқан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің бақылау учаскелерінде жүргізілді.

Курс соңында  офицер-кинологтардан теориялық емтихан қабылданып, сонымен қатар қызметтік-іздестіру иттерінің теміржол вагонында, жүк көліктерінде, ғимарат ішінде және қол жүгінде есірткі құралдарын іздестіру бойынша жұмыс қабілеттері тексерілді. Емтихандарды сәтті тапсырған 4(төрт) офицер-кинологқа салтанатты түрде курсты аяқтағандығы туралы сертификаттар тапсырылды.

Сонымен бірге, «Жетісу» кеден бекетінің және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің басшылығына іс-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру бойынша жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осындай ҚР ҚМ ҚМК аймақтық және оқыту бөлімшелері арасындағы ынтымақтастық құқық қорғау блогының бөлімшелері үшін оң үлгі болып табылады деп есептейміз.

Оқудан өткен офицер-кинологтар қызметтік–іздестіру иттерімен алған дағдыларды қолданады және нәтижелері көп күттірмейді деген үміттеміз.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!