• Назар салыңыз! 29.05.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Солтүстік Қазақстан облысында жалған евро қағаз ақшасын жеткізу каналының жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы аумағына 500 евро құнындағы жалған қағаз ақша жеткізетін каналдың жолын кесті.

ЭТД қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде жалған ақша өткізумен айналысқан бір топ тұлға әшкереленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ ҚР, Ресей Федерациясы және Грузия азаматтарынан құралған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында РФ азаматына  еліміздің аумағында әрі қарай тарату үшін 100 000 евро сомасындағы жалған ақша қаражатының  берілгені анықталды.

Тұтқынға алу барысында 2 000 000 теңге, 30 000 ресейлік рубль қолма-қол ақша және жалпы сомасы 68 000 евроны құрайтын 136 жалған 500 евро номиналындағы ақша қаражаты тәркіленді.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының Арнайы тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚПК 147-бабына сәйкес күдікті тұлғалар қамауға алынды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2 б., 1 т. (санкциясы мүлікті тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы), 264-бабының 1б. (10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

Анықтама:

Соңғы екі жылда ҚР аумағында жалған банкнота өткізудің 18 фактісі анықталды және жалпы сомасы 266 500 евроны (110 млн. теңгеден аса сомаға тең)құрайтын 500 евро номиналындағы 533 қағаз ақша тәркіленді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті абай болып, валютаны банктерде чек талап ете отырып, айырбастауды ұсынады.

Егер сіз жалған ақша жасау фактілерін білетін болсаңыз Комитеттің келесі сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.  

Жалған ақша жасаушылардың жемтігі болмас үшін 500 евро номиналындағы жалған қағаз ақшаны танып білудің ең қарапайым ережелерін есте сақтаңыз.

 


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Құрметті жүйе пайдаланушылары!

Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00-ден бастап, ҚМ-1 формаларын қабылдауға арналған сервис (БАТЖ ішкі жүйесі) қол жетімсіз болғанын мәлімдейді. Қазіргі таңда ішкі жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін Комитет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Орналастырылды: 27.05.2020 (11:45)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!