
2019 жылғы 28 қазаннан 19 қарашаға дейінгі аралықта Қостанай, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Тара және Шымкент қалаларында қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс кездесулері өткізіледі.
Кездесулер барысында келесі мәселелер бойынша ақпарат беріледі:
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» қолданыстағы ҚР Заңының нормалары;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасының баптары;
- қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының негізгі талаптары және күдікті операцияны айқындау белгілері;
- қаржы операциялары туралы мәліметтерді жинақтау жүйесінде және elicense.kz сайтында тіркелудің өзекті мәселелері;
- кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру бойынша қауіп-қатерлерді бағалау мәселелері.
Қызмет түрлері бойынша қатысушылар:
- Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
- адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар;
- тауарлық биржалар
- бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар, аудиторлық ұйымдар;
- ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- ломбардтар;
- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
- банктер;
- банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
- ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
- микроқаржы ұйымдары;
- төлем ұйымдары и және басқа да қаржы мониторингі субъектілері.
Кездесу кестесі
- 28 қазанда сағ. 11.00 және 15.00-де – Қостанай қ., Майлина көш., 2
- 30-31 қазанда сағ. 10.00 және 15.00-де – Ақтөбе қ., 8 Марта көш., 3 «А»
- 1 қарашада сағ. 11.00 және 15.00-де – Орал қ., Пойменная көш., 2/2
- 4 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Орал қ., Пойменная көш., 2/2
- 7-8 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Тараз қаласы (мекенжайы анықталуда)
- 11-12 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Шымкент қаласы (мекенжайы анықталуда)
- 18-19 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Өскемен қаласы (мекенжайы анықталуда)
Қосымша сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
8 7172 74 97 39, 8 7172 74 97 49, 8 7172 74 92 26.