• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Берік Шолпанқұловтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау сөздері!

«Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді шын жүректен еліміздің айтулы мерекелерінің бірі –
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен  құттықтаймын! 

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл ғасырлар тоғысында ата – бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен,  қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.

Бір ел, бір тағдыр, бір мақсатқа біріккен Қазақстанды Ұлт Көшбасшысы жарқын болашаққа бастап келеді.  Біз ел игілігіне еңбек етіп жатқан Елбасының саясатына сүйеу болуымыз керек.

Елбасы – біреу, ел оған тіреу. Бұл біздің бірлігімізді айғақтайды.

Елбасының қай бастамасын алмасақ та, олардың терең білім мен біліктіліктің, тәжірибе мен ізденістің жемісі екеніне көз жеткіземіз.

Елі үшін еңбек еткен Елбасы күнін атап өту үлкен  қуаныш.  «Елі еріне, ері еліне» сенген халқымыз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін.  Баршаңызды Ел тәуелсіздігін паш ететін  маңызы зор мереке Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға  әрдайым  қуаныш пен шаттық  тілеймін! Еліміздің өркендеп, қуатты мемлекет ретінде дамуына әрбіріміз өз үлесімізді қосайық.

 

 Ізгі тілектермен,

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Қаржы мониторингі комитетінің

төрағасы                                                                           

Б. Шолпанқұлов

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31