• Назар салыңыз! 14.10.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер","Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Қаржы мониторингі комитетінде «көлеңкелі» экономикамен күрес бойынша 2020 жылғы 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Мемлекет басшысының Экономикалық тергеу қызметін қайта бағыттау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел-алдын алу шараларының кешені ұйымдастырылды.

Прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, шот-фактураларды жалған жазып беру мен ақша қаражатын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен күреске бағытталған «STOP-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы жүзеге асырылуда.

Талдау арқылы жалған шот-фактураларды жазып беру мен криминалдық қолма-қол ақшамен айналысатын 60-тан астам ықтимал қылмыстық топ анықталды. Олар 1 200-ден астам бақыланатын компаниялар құрды, олардың қаржылық айналымы 2 триллионнан асты. теңге. Соңғы бес жылда алғаш рет қолма-қол ақшаны алу деңгейі 39% - ға азайғанын атап өткен жөн.

Жалпы, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтауға бағытталған «Қазына» жедел-алдын алу шарасы өткілізуде.

Жылдың басынан бюджеттік және квазимемлекеттік қаражатты жымқыру белгілері бар 200-ден астам сұлбалар анықталды. Олар бюджеттен 360 млрд. теңгеден астам қаражатты аударған. 

Мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мақсатында «Barrel» жедел-алдын алу шарасы іске асырылуда. Қазіргі таңда еліміздің 5 аумағында осы саладағы фактілер тергеуде, олардың «көлеңкелі» айналымы 25,1 млрд. теңге сомасына 140 мың тоннадан астам ЖЖМ құрайды.

«Стоп-игра» жедел-алдын алу шарасы аясында 206 заңсыз ойын орнының қызметіне шек қойылды, елімізде 7 жасырын казино және 30 букмекерлік кеңсе анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 2660 ойын автоматтары, терминалдар және покер үстелдері тәркіленіп алынды.

Жалған алкоголь өнімін өндіру бойынша 25 жерасты цехтары анықталды. Заңсыз айналымнан 620 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 140 мыңнан астам литрге жуық спирт және 60 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары алынды.

ЭТҚ жалған ақша жасау саласында 185 қылмыстың жолын кесіп, 2000 астам купюраларды тәркілеп алды. Сондай-ақ, Алматы және Қостанай қалаларында жалға ақша жасайтын 2 жасырын типография жойылды.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілері мен білім беру ұйымдарының назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұданәрі – Комитет) 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралыЗаңына2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.

Толығырақ

Орналастырылды: 21.10.2020 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!