• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

2016 жылы бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өткізілген іс-шаралардың қорытындысы туралы

Бейнеконференцбайланыс жүйесі (БКБ) жұмыс процестеріне қатысушылар арасындағы байланыстың қарқындылығы мен тиімділігін арттырудың негізгі элементі және ұлттық қаржылық барлау бөлімдері (ҚҚБ) және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы жедел өзара әрекеттесудің басты тәсілдерінің бірі болып табылады. Бейнеконференцбайланыс жүйесі шынайы уақыт тәртібінде кеңестер, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарларын және басқа да шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта БКБ жүйесінің контурына Қазақстанның, Арменияның, Беларустің, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Өзбекстанның  қаржылық барлау бөлімдері енгізілді. Сондай-ақ, БКБ торабы «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Қаржылық және экономикалық қауіпсіздік институтында орнатылды.   

2016 жылы іс-шаралар реттеушілер мен қаржы мониторингі субъектілері - құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар  өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс жүзінде тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар және оқыту курстары  форматында барлығы отыздан астам шара өткізілді.

Іс-шаралардың тақырыбы келесі бағыттарды қамтиды: «АЖ/ТҚ тәуекелдерінің ұлттық бағасының және төлем қызметтерін көрсету саласында тәуекелге бағытталған тәсілді іске асырудың өзекті мәселелері: Төлем жүйелерінің тәуекелдерін басқару негіздері»; «АЖ/ТҚ саласындағы бұзушылықтар бойынша, мәліметтер беретін тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану тәжірибесі»; «Халықаралық террористік ұйымдардан, соның ішінде ИГИЛ-ден тарайтын қауіп-қатерге бірлесіп қарсы әрекет жасау және «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметіне қатысы бар тұлғаларға қатысты қаржылық тергеу ерекшеліктері»; «Предикаттық қылмыстарды жасау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) типологиясы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары типологиялары»; «АЖ/ТҚҚК саласындағы қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері»; «Сыртқы сауда операцияларын жүргізу барысындағы қылмыстық кірістерді анықтау және капиталды шетелге шығарудың басты типологиялары. Капиталдың жылыстауына қарсы іс-қимыл жасау мақсатындағы  валюталық бақылау тәжірибесі»; «ФАТФ ұсынымдарына сәйкес, ҚББ мен құқық қорғау органдарының предикаттық қылмыстар бойынша өзара іс-қимыл жасасуы және ҚББ қызметі нәтижелерін қылмыстық процесте және соттық талқылауларда дәлел ретінде қолдану тәжірибесі»; «Қаржылық емес кәсіпорындар мен мамандықтар белгілеген тәуекелге бағытталған тәсілді қолданудың үздік тәжірибелері»; «Шетелдегі қылмыстық активтерді анықтау, тыйым салу және қайтару. Активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық»; «Ұлттық заңнамаға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі мақсатты қаржылық санкцияларын енгізу. ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің және басқа да шет елдердің тәжірибесі»; «Виртуалды және жеке валюталар – АЖ/ТҚ тәуекелдері және оларды азайту тәсілдері және басқа тақырыптар.

Келесі жылға, сондай-ақ, АЖ/ТҚҚК жүйесінің жан-жақты бағыттары бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Комитет алаңы Қазақстанның қаржы мониторингі жүйесінің барлық мүдделі қатысушылары үшін ашық.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31