16 желтоқсан, 2019 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қаржы мониторингі комитетінде 2019 жылғы 3 маусымда «Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.
Бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қаржы полициясы органдары таратылды.
Қазіргі уақытта, бұрынғы қаржы полициясы органдарының қызметкерлері жуырда Қаржы мониторингі комитетінің құрамына өткен экономикалық тергеу қызметінің қатарында мінсіз қызмет атқаруда.
«Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау ісіне, оның мәртебесін арттыру және тәуелсіздікті қамтамасыз етуге салған күш-жігерлеріңізді жоғары бағалаймыз» - деді Комитет төрағасы А.Сқақов.
Мерекелік шара барысында «Біздің қызметіміздің парақтары» бейнефильмі ұсынылып, басқа мемлекеттік органдардың басшылары мен қонақтардың құттықтау сөздері айтылды, сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан келген ардагерлерге мақтау қағаздары мен мерекелі медальдар табысталды.