• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 25-пленарлық отырысына қатысу туралы

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері 2016 жылғы 7-11 қараша аралығында Нью-Дели қаласында (Үнді Республикасы) өткен ЕАТ-тың 25-пленарлық отырысына және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты.  

Шараға ЕАТ-қа мүше келесі мемлекеттердің делегациялары қатысты: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ ЕАТ-та бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдардың өкілдері: Армения, Иран, Италия, Корея, Польша, АҚШ, Түркия, Франция, Черногория, ФАТФ, ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығы (ТМД ТҚО), Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), Бүкіләлемдік банк, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), БҰҰ-ның есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (өңірлік терроризмге қарсы құрылым – ШЫО ӨТҚҚ ұсынған). 

Пленарлық аптаның барынша маңызды мәселелері:

ЕАТ өзара бағалаудың алғашқы раундын мониторинг рәсімдерінен Беларусь Республикасын шығарумен аяқтады.

Қазіргі уақытта ЕАТ-қа мүше барлық мемлекеттер мониторинг рәсімдерінен шығарылған және екінші раундқа дайындық үстінде (бекітілге кестеге және рәсімдерге сәйкес).

Қазақстан ЕАТ-қа мүше басқа мемлекеттермен қатар заңнаманы жетілдіру және екінші раундқа дайындық шеңберінде ұлттық тәуекелдерді бағалауды  жүргізуге дайындық  бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

Қазақстанның мүлікті заңдастару акциясының процесі ол басталған сәтінен бастап (2014 жылғы қыркүйек) ЕАТ-тың тұрақты бақылауында тұр. Өткен Пленарлық отырыста Комитет мүлікті заңдастару акциясының барысы туралы есеп ұсынды. ЕАТ-тың хатшылығы бұған дейін жүргізген сараптамасы ФАТФ-тың ДСНЗ бағдарламасын іске асыру барысындағы негізгі  төрт қағидасының бұзылуын анықтаған жоқ.        

ЕАТ 2016 жылғы желтоқсандағы акцияның аяқталуына дейін Қазақстандағы жағдайды қадағалауды жалғастырады.

Қаржылық барлау бөлімдерінде типологиялармен жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Келесі типологиялық есептер мен 2016 жылдың ішінде өткізілетін зерттеулер бекітілді.

Қазақстан басқа елдермен қатар шетелдік боевик террористерден (ШБТ) туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы өзінің іс-қимыл жөніндегі жұмыс тәжірибесі, ШБТ-ны айқындаудың әзірленген әдіснамасы, сондай-ақ ШБТ салаларын жіктеу  туралы толық ақпарат берді. Елдердің тәжірибесі негізінде ЕАТ мемлекеттеріне арналған ШБТ қаржы саласының ортақ үлгісін әзірлеу және ЕАТ-тың 26-Пленарлық отырысы аясында қорытынды құжатты ұсыну туралы шешім қабылданды.

2016 жылғы маусымда Астана қаласында өткен 24-Пленарлық отырыстың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы АЖ/ТҚК ұлттық жүйелеріне арналған кадрларды даярлау және сертификаттаудың негізгі тәсілдері жөнінде ұсыныстар әзірледі.

АЖ/ТҚК саласында біліктілікті бағалаудың халықаралық бағдарламасын құру жөнінде шешім қабылданды. Бұл ФАТФ-тың 18 стандарты талаптарының шарты, оған сәйкес, қаржы мониторингі субъектілері АЖ/ТҚК-ға қарсы күрес бағдарламасын қолдануға міндетті.

Қазақстан банк, сақтандыру саласы және бағалы қағаздар нарығына арналған АЖ/ТҚК саласындағы мамандарды даярлаудың сертификаттау бағдарламасын енгізу жөніндегі жұмысты 2015 жылы бастаған.

Бағдарламаны халықаралық тәжірибе негізінде ЕҚЫҰ мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолғабыс етуімен, Қаржы мониторингі комитетінің, Ұлттық банктің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары әзірледі және ұлттық заңнаманы есепке алып, бейімдеді.

2016 жылы 6 сессия өткізілді, қаржы секторының 154 өкілі біліктілігін растады.        

ЕАТ-тың келесі 26-шы Пленарлық отырысы 2017 жылғы мамырда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтеді.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31