• Назар салыңыз! 18.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Туркиямен РОД/ФТ саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2014 жылғы 22-23 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне Түркия Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы қылмыстарын тексеру бөлімшесінен (MASAK) делегация қонаққа келді.

Түркияның қаржылық барлау бөлімшесінің делегациясы Астанаға табысты оңтайландыру мен қаржы терроризміне қарсы тұру саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты өзара әрекет ету жолдары мен перспективаларын талқылау үшін келді.

Сапар барысында Түркия делегациясы Қаржы мониторингі комитетінің құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Қазақстан мен Түркияның екіжақты пішінде және халықаралық аренада табысты оңтайландыру мен терроризмді қаржыландыру саласында ынтымақтастықтың түйінді мәселелері қарастырылды.

Тараптар деректерді өңдеудің ақпараттық техзнологияларын пайдалану, ақпараттық-аналитикалық жүйелерін жұмысын пайдалану тәжірибесімен, қаржылық барлау қызметінің практикалық аспектілерімен, заңсыз қаржы ағындарымен күрес түрлері мен тетіктерін әзірлеу тәжірибелерімен алмасты.

Ведомствоаралық деңгейде жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту мен тереңдетуде екі жақты мүдде байқалды.

Кездесу қорытындысында Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Бисенғали Шамғалиұлы Тажияқов пен оның түрік ұжымдасы, Түркия Республикасының қаржылық қылмыстарды тексеру бөлімшесінің басшысы (MASAK) Ибрахим Хакки Полат Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру (оңтайландыру) мен қаржы терроризміне қарсы тұру саласында өзара әрекет туралы меморандумға қол қойды.

Меморандуммен ақпаратты жинау, өңдеу және талдауға қатысты, оларға қатысты ақшаны оңтайландыру немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты екендігіне болжам болатын қаржы операцияларына қатысты өзара ынтымақтастық негізінде тараптар ынтымақтастығы қарастырылады.

Аталған Меморандум табысты оңтайландыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру саласында Қазақстан мен Түркияның екіжақты өзара әрекетін жаңа деңгейге көтереді, құзыретті ведомстволар арасында нақты мазмұнды ақпарат алмасуды толықтырады, қылмысқа қарсы әрекет ету бойынша екі елдің жұмысына оң рай береді, қаржы тұрақтылығын нығайтуға өз үлесін қосады.

Анықтама:Қаржы қылмыстарын тексеру бөлімшесі (MASAK) 1996 жылы Түркия Республикасының Қаржы министрлігі құрылымында құрылды, осы жылы 1997 жылы ақпанда күшіне енген ТО/ҚТТ туралы заңға қол қойылды. 1991 жылдан бері Түркия ФАТФ мүшесі болып табылады. Қылмыстық табысты заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету бойынша еуразиялық топта (ЕАГ) мен Ақшаны оңтайландырумен күрес шараларын бағалау бойынша Еуропа кеңесінің Сарапшылар комитетінде (МАНИВЭЛ) бақылаушы болып табылады. «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшесі тобының шеңберінде ТО/ҚТТ жаһандық желісінде барлық қатысушылармен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастық етеді.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Түркияның қаржылық барлаушылары арасында практикалық өзара әрекет мүмкіндіктерін ашады, мемлекеттердің бірлескен күшін нығайтуға және экономикалық қылмыс пен террористік қауіппен күрес тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Қаржылық мониторинг комитетімен Белоруссия, Индонезия, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Македония, Молдова, Ресей, Тәжікстан, БАӘ, Украина, Черногория мен Түркия сияқты шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31