• Назар салыңыз! 22.10.2018 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.
  • ЕСКЕРТУ! Мozilla Firefox браузердің 52 версиясынан бастап Java апплет жұмысын тоқтатады, осыған байланысты Электрондық цифрлық қолтанба қолдану көмегімен құжаттарға қол қою кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Компьютеріңізде браузерді жаңарту жұмыстарын жүргізбеуге ұсыныс жасаймыз".

Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық.

Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Елбасы жыл сайынғы өзінің Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын жетілдір бағытына айырықша тоқталып өтеді.

Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Елбасының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

ҚМС АЖО ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС АЖО ішкі жүйесіндегі қате жойылды және осыдан бұрын жіберілген қаржы мониторингі жүргізілуге жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар бойынша қабылдау/қабылдамау туралы Хабарламалар жіберу штаттық режимде жұмыс істейді.    

ҚМС WEB ішкі жүйесін пайдаланушыларға

«Құрметті қаржы мониторингі субъектілері! ҚМС WEB ішкі жүйесіндегі қате жойылды, ішкі жүйе штаттық режимде жұмыс істейді.

Орналастырылды: 01.06.2017 (15:45)

 

Қазан, 2018

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31