• Назар салыңыз! 13.12.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер","Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Экономикалық тергеулер департаменттерінің басшылары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Экономикалық тергеулер департаменттерінің басшылары тағайындалды.

Олардың кандидатуралары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісілді.

Қожабаев Жанболат Өмірсерікұлы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура, қаржы полициясы органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 17 жыл, оның ішінде 10 жылы басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бар.

Ақылбеков Дәулет Ертайұлы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ішкі істер органдары, қаржы полициясы және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 19 жылды құрайды, оның ішінде 11 жыл басшылық лауазымдарында.

Шонаев Темірлан Төлегенұлы Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Қаржы полицисы органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 18 жыл жұмыс өтілі бар, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Тұрышов Айбек Шампанұлы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура, қаржы полицисы органдары мен экономикалық тергеу қызметіндегі жұмыс өтілі 14 жылдан астам, оның ішінде 5 жыл басшылық лауазымдардағы уақытты құрайды.

Үсенов Бекзат Нұрсұлтанұлы Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын кеден органдарынан бастаған, экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылды құрайды, оның 16 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Бижанов Қайрат Жакиянұлы Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындарындағы жалпы жұмыс өтілі, яғни қаржы полициясы, прокуратура органдарында 21 жылдан астам уақытты құрайды, оның 16 жылы басшылық лауазымдарында.

Жұмағұлов Саян Жанатұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылдан астам уақытты құрайды, оның 6 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Байғожин Еркебұлан Маделханұлы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 22 жылдан астам уақытты құрайды, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Ақжанов Данияр Мейрамұлы Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Кеден органдары мен экономикалық тергеу қызметінде 19 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның 11 жылы басшылық лауазымдарында.

Сейтқазинов Қайрат Бабирович Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 25 жыл жұмыс өтілі бар, оның 18 жылы басшылық лауазымдарда.

Темірбеков Рашид Темірбекұлы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Еңбек жолын прокуратура органдарынан бастаған, экономикалық тергеу қызметінде жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 19 жылдан астам уақытты құрайды, оның 13 жылы басшылық лауазымдарда.

Әлиев Данияр Дуппайұлы Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылды құрайды, оның 5 жылы құқық қорғау қызметіндегі басшылық лауазымдарында.

Рақышев Рүстем Ғалымжанұлы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы мен экономикалық тергеу қызметінде 19 жылдан астам уақыттың жұмыс өтілі бар, оның 15 жылы басшылық лауазымдарында.

Сауқомбеков Саят Махметұлы Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ішкі істер, прокуратура органдары, қаржы полициясы мен экономикалық тергеу қызметінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс өтілі бар, оның 14 жылы басшылық лауазымдарда.

Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды. Еңбек жолын қаржы полициясы, салық органдары және экономикалық тергеу қызметінде өткерген. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылды құрайды, оның 5 жылдан астам уақыты басшылық лауазымдарында.

Таңатаров Талғат Турғаутұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Прокуратура органдары, қаржы полициясы және экономикалық тергеу қызметінде 22 жылдан астам уақыт жұмыс өтілі бар, оның 22 жылы басшылық лауазымдарында.

Экономикалық тергеу департаменттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық бөлімшелері болып табылады және экономикалық және қаржылық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту, жолын кесу және тергеу функцияларын жүзеге асырады.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!