• Назар салыңыз! 09.10.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

ҚР ҚМ ҚМК Кинология орталығында екі апталық ведомствоаралық біліктілікті арттыру тренингінің жабылу салтанаты түрде өтті

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан:

 "Жақында болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі ретінде браконьерлік мәселесін де ашты.

... Браконьерлер біздің ұлттық байлығымыз – табиғатты жою үстінде.

Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын»

Браконьерлердің құрбандары көбінесе қорғалатын және сирек кездесетін жануарлар түрлері, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына кіретін жануарлар. Сүтқоректілердің арасында ақбөкендерді, дала тасбақаларын және аюларды ерекше атап өту керек, өйткені олардың туындылары Шығыс Азияның дәстүрлі халық медицинасында дәрілік препараттарды дайындау кезінде белсенді қолданылады. Құстардың арасында-араб әлемі елдерінде тұрақты жоғары сұраныс бар сұңқар балабан және кречет. Қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтардың біліктілігін арттыру Қазақстандағы контрабандаға және браконьерлікке қарсы күресте маңызды буын болып табылады.

24 қыркүйекте ҚР ҚМ ҚМК Кинология орталығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті аумақтық бөлімшелерінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицер-кинологтары үшін "дериваттарды іздеу" бағдарламасы бойынша қызметтік иттермен екі апталық ведомствоаралық біліктілікті арттыру тренингінің жабылу салтанаты түрде өтті.

Оқыту қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) қолдауымен кинологтардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс сапасын бағалау мақсатында (бұрын бастапқы дайындық курсынан өткен), жабайы жануарлардың дериваттарының жаңа иістерін бекіту және жетілдіру мақсатында жүргізілді.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде құрметті қонақтар ретінде Чех Республикасы кеден қызметінің өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы, Қазақстан құқық қорғау органдарының кинологиялық қызметінің басшылары, ҚР БҒМ Зоология ғылыми-зерттеу институтының, "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК өкілдері және Алматы қаласы ҚазЕжӘҚА және  Нархоз студенттері қатысты.

Кинологиялық орталықтың плацыда Кинологиялық орталықтың жеке құрамы мен құрметті қонақтарының қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Дәулет Ертайұлы Ақылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Дастан Әбдіқадырұлы Секенов, Гержманицадағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік Кинологиялық орталығының бастығы Йозеф Душанек, Чех Республикасы Бас кеден қызметінің бас кинологы Ян Плескач, Чех Республикасы Бас кеден қызметі директорының қадағалау жөніндегі орынбасары құттықтау сөз сөйледі.

Қонақтарға Кинологиялық орталықтың оқу және материалдық-техникалық жабдықтарымен танысуға мүмкіндік берілді:

Автокөлікте есірткі құралдарын іздеу,

Мемлекеттік шекараны бұзушы оқу тұлғасын ұстау,

Қызметтік иттермен кедергілер жолағынан өту,

Жарылғыш заттарды жергілікті жерде іздеу,

Адамда валюта іздеу,

Киіктің дериваттары - мүйіздерін іздеу, сондай-ақ Газель мен Нива автокөліктерінің базасында қызметтік иттерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлік құралдары ұсынылған.

Құрметті қонақтар бельгиялық овчарка 3 айлық күшіктеріне  "У" әріпіне лақап ат беруге қатысты.

Чех Республикасы кеден қызметінің делегациясы Кинологиялық орталықтың құрметті қонақтарының кітабына жазба қалдырды. 

Қонақтардың және қатысушылардың пікірлері бойынша жоғарыда көрсетілген іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Осы шараға "Казахстанская правда" корреспондентері шақырылды


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)