• Назар салыңыз! 05.12.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Қаржы мониторингі комитетінде ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті

2019 жылғы 15 қарашада ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінде ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өткізілді.

 Сенат депутаттары, ҚР Жоғарғы Сот, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитеті (ҚМК) және «Атамекен» ҰКП өкілдері экономикалық құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.  

Биыл Қаржы мониторингі комитетінде терең жаңартулар жүргізілді. Атап айтқанда, Комитет құрамына экономикалық тергеу қызметі қосылып, бұрын-соңды болмаған штаттардың қысқартылуы (40%-ға) өткізілді, сонымен қатар ұйымдық құрылым оңтайландырылып, артық басшылық буындар азайтылды. Нәтижесінде ҚМК қаржылық барлау функцияларын орындап, экономикалық қылмыстарды тергейтін әкімшілік-құқық қорғау органы болып қалыптастырылды. Бұл ретте комитеттің қандай да бір бақылау-қадағалау функциялары немесе өздігінше тексерістер өткізу құқықтарының жоқ екенін атап өту маңызды. Қызмет терең сараптамаға, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық әрекеттестігін күшейтуге, жұмыс нәтижелерін бағалау критерийлерін өзгертуге бағытталып отыр. 

Өткізілген жаңартулар нәтижесінде басты назар көлеңкелік сектор мәселелеріне аударылып отыр. ҚМК ресурстары ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға бағытталған.  Биылғы жылдың бірнеше айы ішінде қаржылық айналымы 17,2 млрд теңгені құраған 11 ҰҚТ құрықталды. Соңғы 3 айда ғана 547 заңсыз ойын ұйымы жойылды. Олардың ішінде жалпы айналым сомасы 25 млрд. теңгені құраған 3 ҰҚТ-қа тиесілі заңсыз кәсіпорындарының заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.

Бүгінгі күні ҚМК-нің дамуының орта мерзімдік Жол картасы қабылданды. Аталған жоспарлар аясында жасанды интеллект енгізілген ІТ архитектурасы әзірленбек. Бұл үздіксіз өсіп келе жатқан  ақпарат көлемін өңдеу мәселесін шешіп, халықаралық стандарттар талаптарын (ФАТФ) қанағаттандыратын шара болмақ. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің жосықсыз клиенттерін әшкерелейтін қаржы ұйымдарының комплаенс қызметтерімен жүргізіліп жатқан жұмыс белсенді іске асырылып жатыр.

Сараптама жөніне келер болсақ, ҚМК құрылымында 2 арнайы бөлімше құрылғанын атап өту қажет. Бұл макросараптама бөлімшесі (әкімшілік блокқа қарасты) және «Фьюжн-орталық» (экономикалық тергеулер қызметі). Аталған бөлімшелердің жұмыс нәтижелері жыл соңында қорытындыланбақ. Дегенмен, жалпы сомасы 30 млрд. теңге қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ сараптамалық жолмен әшкереленгенін атап өту керек. Бұл тереңдетіліп өткізілетін сараптамалық жұмысты енгізудің алғашқы жемістері.

Бүгінгі күні ҚР Бас Прокуратурасы, ҰҚҚ, Ұлттық банкі, Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚМК өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, жалған қаржылық операциялар мен қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырудың жолын кесуге бағытталған қосымша, оның ішінде заңнамалық сипаттағы  шаралар талқыланып отыр. 

Сонымен қатар экономикалық қылмыстарды тергеу және сотта қарастыру практикасы салаларындағы бірқатар маңызды мәселе ҚР Жоғарғы Соты Пренумының жаңа қаулысында  өз шешімін табатынына сенім зор. 

ҚР Парламент Сенаты комитетінің көшпелі отырысының қорытындысында көлеңкелік экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындалды.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!