9 желтоқсан, 2019 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
2019 жылғы 7 қарашада Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) Қазақстан Республикасының билік органдарымен экономикалық саясат, құрылымдық өзгерістер және өзгеде мәселелері бойынша консультациялар өткізу жөніндегі жыл сайынғы миссиясы шеңберінде Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы Ә.Сқақовтың ҚВҚ өкілдері Р.Розенов және К.Каомен кездесуі өтті. Іс-шараға сонымен қатар Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚІ) саласындағы басым міндеттер, ҚР ақша қаражатын жылыстату мен терроризмді қаржыландырумен байланысты негізгі қауіптер мен қылмыстар талқыланды.
Одан басқа, маңызды мәселелер ҚР КЖ/ТҚҚІ саласындағы стратегиялардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басым міндеттердің сәйкестігі, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайтатын КЖ/ТҚҚІ тиімді құралдары болып табылды.