• Назар салыңыз! 29.05.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Қаржы мониторингі комитеті 1-жартыжылдықтағы құқық қорғау қызметінің нәтижелерін қорытындылады

Қаржы мониторингі комитетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.Смайыловтың қатысуымен алқа отырысы өтті.

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Әбілқайыр Сқақов Экономикалық тергеу қызметінде өткен қайта құрудың нәтижелерін атап өтті және алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді белгіледі.

ҚМК басшысының ақпараты бойынша Қызметтің штаттық саны 40% қысқартылып, басшылық құрамы 70% жаңартылған.

Бұл қызметкерлердің еңбек ақысының көбейуіне мүмкіндік береді, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі азаяды және Қызметке  жоғары білікті мамандар тартуға септігін тигізеді.

Бар күш пен ресурстарды барынша жұмылдыру мақсатында аумақтық департаменттердің жұмысы негізгі үш міндеттерге шоғырландырылды:

көлеңкелі экономикадағы ірі схемаларды анықтау;

заңсыз ойын бизнесін жою;

мерзімдері үзілген қылмыстық істердің мұрағатын тазарту;

ЭТҚ жұмысы саннан сапаға қайта бағдарланғаны бизнеске деген қысымды 2 есеге төмендеуіне мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы тіркелген қылмыстық істердің саны 2 061-ден 972-ге дейін қысқартылды. Бұрынғы жылдары қозғалып, ұзақ уақыттан бері шешімін таппай жүрген 349 қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл ретте, мемлекетке елеулі залал келтірген, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстарды анықтауға ерекше назар аударылған.

Жалған қаржы операциялары мен заңсыз ойын бизнесімен айналысқан 7 ҰҚТ қызметінің жолы кесілді.

Бюджеттік сала мен квазимемлекеттік сектордағы маңызды қылмыстарды ашу бағытында күш салынуда.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шотынан 160 млн. теңге ұрлаған «Астана банкі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Увалеев әшкерленді.

Маңғыстау облысында «нейлонды қабыршақ» тауары деп Иран Ислам Республикасынан 1,2 млрд.теңгені құрайтын 8,3 млн. қорап көлеміндегі темекіні жасырын кіргізудің ірі арнасының жолы кесілді.

Қолдан жасалған ішімдік өнім шығаратын 8 цех анықталды, 144 мың жасанды есепке алу-бақылау маркалары, есепке алынбаған 9 мыңнан астам бөтелкелердегі ішімдік өнімдері және 21 мың литр спирт заңсыз айналымнан алынды.

172 ойын орындары, оның ішінде 15 астыртын казино қызметінің жолы кесілді, 5 мың бірлікті құрайтын ойын автоматтары мен терминалдар алынды.

Адал кәсіпкерлердің кызметіне араласпай, көлеңкелі саладағы маңызды қылмыстарды ашу үшін ЭТҚ құрылымында арнайы талдау бөлімшесі құрылды. Оның басты мақсаты түрлі ақпарттар көздеріне қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы қылмыстық схемаларды анықтау болып табылады.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Алихан Смайыловпен ЭТҚ басшылығына белгіленген бір қатар басымды міндеттер қойылды:

  1. жаңа қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу, экономикадағы көлеңкелі айналымды қысқарту;
  2. адал бизнесті қорғау және негізсіз қылмыстық қудалауды болдырмау;
  3. қоғамның сенімін арттыру;
  4. «тәуекелді» компаниялардың санын азайту;
  5. квазимемлекеттік сектордағы ірі ұрлықтарды және жасырын тауарларды өткізу каналдарын ашу;
  6. көлеңкелі экономиканың аумақтық карталарын енгізу;
  7. тергеудің мерзімдерін 2 есеге қысқарту.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Құрметті жүйе пайдаланушылары!

Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00-ден бастап, ҚМ-1 формаларын қабылдауға арналған сервис (БАТЖ ішкі жүйесі) қол жетімсіз болғанын мәлімдейді. Қазіргі таңда ішкі жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін Комитет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Орналастырылды: 27.05.2020 (11:45)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!