• Назар салыңыз! 14.10.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер","Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Алматыда «B2B Jewelry» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жалғасуда

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қ. Прокуратурасының үйлестіруімен зергерлік дүкендер желісін жамылған «B2B Jewelry» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар халыққа сатып алу сомасының 104% -ы мөлшерінде «кэшбэк» түрінде ақшаны қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан.

Сонымен қатар, клиенттерге сатып алынған сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520%  кіріске дейін кепілдік беретін «алтын» мен «күміске» арналған сыйлық сертификаттар сатылған.

ЭТД қызметкерлері жүзеге асырған шаралардың нәтижесінде, қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 млн. астам теңге, 303 мың АҚШ доллары және 3 500 Евро тәркіленіп алынды.

Қаржы пирамидасы салымшылардың жалпы саны Қазақстанның барлық аймақтарын қоса есептегенде 10 000 астам адамды құрайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 217 бабының 3-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету)  сәйкес жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Күдікті тұлғаға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осыған орай, Қаржы мониторингі комитеті осы жобаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Комитетке (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 10) және Алматы қ. бойынша ЭДТ (Жібек-жолы даңғылы, 127 немесе мына телефон нөмірлеріне - 87786376213, 87028886449, 87017446040, 87074064945) жүгінуді сұрайды.

Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМ  КМҚ аумақтық экономикалық тергеу департаменттеріне хабарласа алады.

Сондай-ақ, Украинаның Қауіпсіздік қызметі осыған ұқсас іс бойынша B2B зергерлік пирамидасының негізін қалаушы Никола Гонтқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын естеріңізге сала кетеміз.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілері мен білім беру ұйымдарының назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұданәрі – Комитет) 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл туралыЗаңына2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғанын хабарлайды.

Толығырақ

Орналастырылды: 21.10.2020 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!