• Назар салыңыз! 25.09.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Павлодар облысында 200 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Мемлекет басшысының ЭТҚ көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағыттау тапсырмасы н іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Павлодар облысының аумағында тіркелген шаруа қожалықтары Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алу үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен жалпы сомасы 233 млн. теңгеге субсидия алғандығы анықталды.

Субсидиялар алу өтінімдеріне және ІҚМ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс агрокәсіпкерлері РФ кәсіпорындарынан «Герефорд» тұқымды 1447 бас ІҚМ сатып алып, ҚР-на әкелген. Алайда, РФ уәкілетті органдарының мәліметі бойынша, ІҚМ эскпорты қазақстандық бірқатар ШҚ-на қатысты жүзеге асырылмаған.

Тінту жүргізу барысында мөрлер (оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), кеңсе жабдықтары, ақша қаражаттары, бухгалтерлік және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды.

Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн. теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді.

Тергеу амалдары жалғасуда.


Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Құрметті пайдаланушылар!

2020 жылғы 21 тамыздың сағат 18:30-дан бастап 24 тамыздың сағат 20:00-ге дейін үздіксіз қуат көзін ауыстыру бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «ҚР ҚМК БАТЖ» серверлік жабдығы (ҚОДЖ ішкі жүйесі) мен желілік жабдығының жұмысы тоқтатылады.

Жұмыстарды өткізу кезінде қаржы мониторингі субъектілеріне арналған қаржы операциялары туралы деректерді жинақтау сервистері, жергілікті торап, Интернет, ақпараттық жүйелер (IPGO, ЕСЭДО, Documentolog, корпоративтік пошта) қолжетімсіз болады.

Орналастырылды: 21.08.2020 (18:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!